«Мәдениет, білім беру және ғылым қоғам игілігіне» атты Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция


Өтетін күні: 2014 ж. 21 қараша

Мақсаты:  ғылыми зерттеу және білім беру арқылы мәдениетті жасау және көрсетудегі жоғары мектептің рөлін кәсіби тұрғыдан талқылау, өзекті мәселелер мен перспективаларды анықтау.

Конференцияға Қазақстанның, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің беделді ғалымдары қатысады.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын, неміс

Конференцияға қатысу үшін конференция бағыты бойынша ғылыми жұмыс жүргізуші ғалымдар, мамандар, ғылыми мекемелердің қызметкерлері, оқытушылар, біліктілікті арттыру жүйелерінің қызметкерлері, докторанттар, магистранттар шақырылады.

Конференция қорытындысы бойынша баяндамалар жинағы шығарылады.

Конференция материалдары «Тұран» университетінің сайтында ғаламторда жарияланады.

Конференцияға қатысу түрлері: пленарлық отырыста баяндама жасау; секция отырысында баяндама; конференцияға баяндамасыз қатысу; конференция жұмысына қатыспай басылымға шығу.

Ақпараттық хат жүктеу

Без рубрики