Сәуір айының басында Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің бизнес және сауда департаменті делегациясының Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне ресми сапары өтті. Делегация құрамында департамент директоры Бэт МакКендрик, Сауда кеңесшісі Зарина Абжаппарова және сауда ассистенті Асылтас Қалтенова болды.
Сапардың негізгі мақсаты университет қызметінің негізгі бағыттарымен, жаңартылатын энергия көздері және «жасыл» технологиялар саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелермен, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық пен коммерцияландыру үшін әлеуеті бар іске асырылған жобалармен танысу болды.
Сапар аясында Британдық делегация ESG, креатив және инновация Орталығына барды, онда қонақтарға қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылды. Делегация өкілдеріне университеттің ғылым және «жасыл» технологиялар саласындағы негізгі жетістіктері көрсетілді. Университеттің тұсаукесері барысында олар бірегей әзірлемелермен танысты, олардың арасында инновациялық жобалар мен өнімдер – ғылыми зерттеулер аясында жасалған экологиялық таза сусабын мен ашытылған сүт өнімдері ұсынылды.
«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының «Метан энергетикасы» зертханалары, Schneider Electric авторландырылған оқыту орталығы, жаңартылатын энергетика зертханасы делегацияның ерекше қызығушылығын тудырды. Экскурсия барысында Елшілік өкілдері университеттің зерттеулерінде қолданылатын озық технологиялармен танысты.
Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ғылыми алмасу және жаһандық экономикаға инновациялық шешімдерді енгізу үшін платформа құра отырып, халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда.