«Ұлы Жібек Жолының құндылықтары»


Қарағанды техникалық университеті

Нанотехнология және металлургия кафедрасы

«Ұлы Жібек Жолының құндылықтары»

тақырыбындағы мастер-класс есеп беру

 

 

 

Күні: 29 қазан 2020 жыл                           Уақыты: 15.00 – 16.00

 

 

Өтетін орны: ғимарат/аудитория: ҚарТУ-дың бас ғимараты 311 аудитория Microsoft Teams бағдарламасында

Қатысушылар: Мет-20-2 кураторы Абдилдина М.М.., МВ-20-1 кураторы Жолдубаева Ж.Д., Машина жасау факультетінің деканының ТІ жөніндегі орынбасары Адамова Г.Х.

 

Студенттер саны: 19

Мастер-класс қысқаша мазмұны: Ұлы Жібек Жолының құндылықтары тақырыбында өтті.

Бұл тақырыптың негізгі мақсаты Елбасы Тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында, Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы рөлінің маңызын анықтау.

 

Мақсаты: «Ұлы Жібек жолы мен оның бойындағы қалалар тарихының зерттелу дәрежесін айқындау, басты тарихи ойлар мен көзқарастардың бағыттарын ерекшелеу және зерттелуі қажет мәселелерді айқындау болып табылады.

 

Оған қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

-Ұлы Жібек жолы мен оның бойындағы қалаларды кеңестік кезеңге 8 дейінгі зерттеу мәселелерін кӛрсету;

-Ұлы Жібек жолы тарихының кеңестік кезеңдегі зерттелу деңгейін анықтау;

-Ұлы Жібек жолы тарихының тәуелсіздік тұсындағы зерттеушілер еңбектеріндегі жаңа тарихи көзқарастарды айқындау;

-Ұлы Жібек жолы бойындағы Жетісу қалалары туралы кеңестік және отандық тарихнамадағы тұжырымдарына, пікірлер мен көзқарастар эволюциясына баға беру;

-Оңтүстік Қазақстандағы Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар туралы зерттеулерді талдау, жетістіктері мен кемшіліктерін, ақтаңдақ тұстарын саралау;

-Батыс Қазақстан торабындағы Ұлы Жібек жолының қалаларының тарихын зерттеудің бағыттарын және проблемаларын ашып көрсету;

-Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойы қалаларының тарихына қатысты тарихнамалық фактілерге баға беріп, зерттеушілердің ғылымға қосқан үлесін таразылау.

 

Қол жеткізілген нәтиже (нәтижелер): Сонымен біздің бұл мастер-класста Ұлы Жібек жолы мен оның бойындағы қалалар тарихын зерттеудің жалпы бағыты, негізгі мазмұны мен басты тұжырымдар, кезеңдері мен бағыттары айқындалды. Тарихнамалық деректерді талдаудың нәтижесінде мәселенің негізінен зерттелгендігіне көз жеткізуге болады. Ұлы Жібек жолы мен оның бойындағы қалаларды зерттеу түрлі кезеңдерде жүргізіліп, сәйкесінше ой-пікірлер мен тұжырымдар түйінделді. Дегенмен де әлі де болса қарастыруға тиіс мынадай мәселелерді атап көрсеткен жөн. Олар: — Ежелгі дәуірдегі «лазурит жолы», нефрит жолы», «дала жолы» «астық жолы» тарихтарын зерттеу Ұлы Жібек жолы мен оның тармақтарының қалыптасуы мәселелерін айқындауға жол ашады деп ойлаймыз; — Ұлы Жібек жолының Қазақстандық тармақтары арнайы зерттелсе, оның тарихы толыға, нақтылана түсер еді; — Ұлы Жібек жолы бойы қалаларынан мәлімет беретін жазба деректер толығымен анықталып, ғылыми айналымға ендірілмеген. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында сондай деректерді іздеп тауып, деректанулық талдаудан ӛткізіп, зерттеушілердің пайдалануына ұсыну қажет; — халықаралық керуен жолдарындағы қалаларға қатысты шетел тілдеріндегі тарихи және тарихнамалық деректердің мазмұнын айқындап, маңызды фактілеріне баға беру ғылым үшін өзекті; — Жібек жолы бойындағы Қазақстандық қалалардың кешенді тарихын айғақтайтын ұжымдық зерттеулерді дайындау заманауи қажеттіліктердің бірінен саналады. Мұның өзі бір жағынан қазақ жеріндегі материалдық және 144 рухани мәдениеттің тарихи ошақтарын жаһанға танытуға септессе, екінші жағынан республикада туризмді де дамытуға үлес қосар еді; — тарихнамалық талдау атап көрсеткендей, ғылымда көбінесе Жібек жолы қалаларының орнын және өмір сүрген уақытын анықтауға назар аударылды. Сол қалалардың шаруашылық, саяси, мәдени өмірі, сондай-ақ демографиялық жай-күйін, әлеуметтік құрылымын, тұрғындарының құрамын, сәулет үлгілерін, қайталанбас ерекшеліктерін терең зерттеу ежелгі және ортағасырлардағы қазақ тарихын байытып, Қазақстан аумағындағы «көшпелілерде отырықшы мәдениет болмаған» деген жаңсақ пікірге қарсы дәйекті күшейтер еді.

 

 

Жауапты ұйымдастырушылар:                         Мет-20-2 топ кураторы Абдилдина М.М.

 

Без рубрики