Кураторлық сағат “Ұлы жеңіске 75 жыл”


Факультет: ИТФ
Кафедра: АЕЖ
Мамандық: АЖ, МКМ
Курс: ИС-18-1, МКМ-18-1
Кураторы: Сейпишева Э.К., Сагатбекова Д.Е.
Күні: 24.04.2020 Уақыты: 13:10 – 13:50
Студенттер саны: 64 адам.

Кураторлық сағаттың тақырыбы: “Ұлы жеңіске 75 жыл”

Жоспар:

  1. Куратордың алғы сөзі
  2. Кураторлық сағаттың мақсаты мен міндеттері.
  3. Тақырып бойынша студенттердің қысқаша баяндамасы
  4. “Ұлы жеңіске 75 жыл” слайд (Бауыржан Момышұлы,Мәншүк Мәметова,Әлия Молдағұлова)
  5. Өлең
  6. Қорытынды

Кураторлық сағаттың мақсаты: Ұлы Отан соғысы , оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру.

Кураторлық сабақ міндеттері

  • Тәрбиелік: Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып , Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту, оларды құрметтеуге тәрбиелеу;
  • Үйретушілік: Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу;
  • Көрнекілігі: слайд, бейнеролик, өлең.

Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл толды. 1941 жылдың 22 маусымында басталып, үздіксіз 5 жылға, яғни 1 418 күнге созылған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады. Жалпы, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғынға елімізден аттанғандардың ішінен 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекітілген ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған болатын, оның 100-ден астамы – қазақтар. Соғыс аяқталғаннан кейінгі жылдары нақты айтқанда, 1946 жылы Құдайберген Сұрағанов, 1965 жылы генерал Сабыр Рахымов, ал 1990 жылы Бауыржан Момышұлы алды.

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский, ал Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі И.Кожедуб үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Шығыстан шыққан қос жұлдыз пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловалар да осы жоғары атаққа лайықты деп танылды. Сонымен қатар 142 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері атанса, Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны 100 мыңға жуықтайды. Бұл соғысқа Қазақстан Кеңестер Одағының бір бөлігі ретінде қатысты. Қазақстан соғыс уақытында майдан қажетіне қарай бейімделді. Көптеген әскери дивизиялар мен бригадалар, артиллерия, миномет, авиация полктері және дербес батальондар құрылды. Қазақстан жауынгерлері кеңес-герман майданының шешуші шайқастарына қатысты. Соғыстың алғашқы сәтінде шекара шебіндегі Брест қорғанысын қорғаушылар қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды.

МКМ-18-1 студенті Қайратқызы Т.

Соғыстың соңғы көктемі
Жасылмен бояп қойған ба?!
Жап-жасыл таудың бөктері
Қырлар да, мынау ойлар да,
Жап-жасыл болып көктеді.
Соғыстың соңғы көктемі.
Көп болды, жасыл тауларға,
Жап-жасыл бұлттар шөккелі.
Әкелді шуақ бар маңға,
Соғыстьң соңғы көктемі.
Соғыстың соңғы көктемі,
Көп болды нұрын төккелі.
Жап-жасыл анау аспан да,
Аспан да, сірә, көктеді.
Бойына таудың асылып,
Шұғыла тұрды, көк меңі.
Қызғанып, гүлін жасырып,
Қылтанақтар да көктеді.
Соғыстың соңғы көктемі.
Жап-жасыл шыбық, тал-дағы,
Орманның жасыл шекпені.
Қуанта, бірақ, алмады,
Сонау бір үйді шеттегі,
Соғыстың соңғы көктемі…

Мазмұндық бөлім:

Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күні Қазақстан мен ТМД-да ғана емес, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де кеңінен атап өтіледі. Бұл жыл сайынғы аталып өтетін мейрамның ерекше және құрметтi орны бар. Дегенмен қазіргі төтенше жағдайға байланысты көптеген мерекелер шегерілген болатын, сонда да тек 9 мамыр ғана емес әр кезде, біздің болашағымыз үшін құрбан болған миллиондаған адамдарды әрбір қазақстандық есіне алып құрмет тұтып жүрулері керек.

Қорытынды, жеткен нәтижелер:

Кураторлық сағат жоспарға сәйкес өткізілді. Кураторлық сағаттың уақыт құрылымы сақталған. Кураторлық сағаттағы ақпарат тақырыпқа сәйкес келеді. Кураторлық сабақтың тақырыбы толық ашылып, материал көлемі бойынша басты ой көрсетілді.

Ұлы отан соғыс ардагерлеріне 1 минут үнсіздік.

ИС-18-1 топ студенттері Кулсариева А.А. , Тунгушбаев А.С.

МКМ-18-1 топ студенті Төлеген Н.Ғ. «Мәншүк Мәметова» слайд.

ИС-18-1 топ студенті Сакенов Б.М. «Әлия Молдағұлова» слайд

 

МКМ-18-1 топ студенті Сусар Ж.С. «Бауыржан Момышұлы» слайд

МКМ-18-1 топ студенті Қайратқызы Т. «Соғыстың соңғы көктемі» өлеңін оқыды.

МКМ-18-1; ИС-18-1 топ студенттері өздері дайындаған бейнабаяндарын көрсетті.

Топ кураторлары барлық қонақтар мен топ студенттеріне алғыс білдірді.

 

Uncategorized