Ұлы Жеңіс Күнімен!


9 мамыр күні біз аса көрнекті мерекені– Кеңес халқының Ұлы Отан соғысында Жеңіс күнін тойлаймыз.

Соғыс алдында Қазақстанда 6,2 миллион адам өмір сүрді. Оның төрттен бірі, 1,7 миллион фронтқа кетті, тең жартысы соғыстан қайтып келген жоқ. Қазақстанда соғыс кезінде 12 атқыш дивизия, жеті атқыш бригада, 50 полк және батальон құрылды. 500 қазақстандық, оның ішінде екеуі екі рет соғыс кезінде Кеңес Одағының батырлары атағына ие болды. Жүз қазақстандықтан астам «Абырой» Орден иегерлері болды.

Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ағаларымызбен бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Соғыс майдангерлері Отанға деген шын сүйіспеншілігімен, ерліктерімен, қайсарлығымен, жігер-қайратымен, ел қорғау сезімімен келер ұрпаққа үлгі болды.

Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Жалпы тарих үшін бұл азғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше.

Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» -деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың өтелмес парызы.

Ұлы жеңіс күні құтты болсын!

Без рубрики