«Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі»!


Биыл Қазақстан халқы мен бүкіл әлем Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді. Осы мерекелік датаны атай отырып, біз нацизмді жеңудің барша ұлылығын тағы да ұғынамыз. Біздің, тек біздің әкелеріміз осы қара күшті жеңіп, талқандап, құртып жібергенін мақтан тұтамыз. Бұл адам тарихындағы ең қантөгісті, кескілескен соғыс болды. Ол жиырма миллионнан астам адамның өмірін алып кетті. Олардың қатарында біздің бақытымызға, тәуелсіздігімізге жол ашқан қазақстандықтар да болды.

Біздің университеттің әскери кафедрасы өткізетін іс-шаралар, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» ұранымен бекітілген жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді. Осыған орай, 7-12 сәуір аралығында әскери кафедраның барлық студенттеріне сабақтар өткізілетін күндері Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгерлер туралы әскери-патриоттық фильм көрсетілді.

Қаза тапқан жауынгерлерді еске ала отырып, біз ұлы халқымызға, оның майдандағы және тылдағы еңбегіне мақтаныш сезімін білдіреміз. Біз олардың ерлігіне тағзым етеміз.

Іс-шараларды өткізудің мақсаты болашақ офицерлер мен сержанттардың бойында патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру және оларды азаматтық, тарихи есте сақтау және борыш сияқты құндылықтарға баулу болып табылады.

Без рубрики