Елбасының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде 2014 жылы 25 сәуір күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Ұлы дала ділмары – Әйтеке би» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталмыш конференция жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында, қазақ халқының ұлттық бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуда айрықша еңбек сіңірген, қазақтың данагөй абызы Әйтеке бидің 370 жылдық мерейтойына арналды.
Конференция мақсаты – жастарға қазақтың ұлы биінің мұрасын насихаттау, отансүйгіштікке баулу, қазақтың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін ояту.
Конференцияға:
Х.М. Әбжанов (тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры);
Ө.О. Озғанбаев (Қазақстан Республикасы ардагерлер орталық ұйымы кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, академик);
Б.Ғ. Аяған (Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор);
М. Алпысбес (тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Еуразиялық зерттеулер кафедрасының профессоры);
Е.Ж. Құрманбек (Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы қоғамдық саяси кеңестің үйлестірушісі, Әйтеке би атындағы Ақтөбе облыстық мейірімдік қорының төрағасы, ҚР мәдениет қайраткері);
Н.Б. Абдоллаев (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор);
сонымен қатар Қазақстанның қоғамдық ғылым саласындағы танымал ғалымдар мен белгілі саясаткерлер, оқытушылар, магистранттар қатысты.