Байқаудың мақсаты қазақстандық ғалымдардың өнертапқыштығын және отандық кәсіпорындардың үздік жетістіктерін қолдау және ынталандыру болып табылады.
Байқау «Жыл өнертабысы», «Өнертапқыш әйел», «Ең белсенді өнертапқыш», «Үздік инновациялық компания», «Жас өнертапқыш» (18-35 жас аралығындағы жас ғалымдар мен студенттер үшін) және «Жас дарын» (10-18 жас аралығындағы оқушылар үшін) номинациялары бойынша өтеді. «Жыл өнертабысы», «Әйел өнертапқыш», «Ең белсенді өнертапқыш» және «Жас өнертапқыш» номинацияларына 2023 жылы өнертабыстарға берілген қолданыстағы Қазақстан Республикасының патенттері иеленген отандық өнертапқыштар қатысады.
«Шапағат» конкурсы шеңберінде әлеуметтік және экономикалық маңызы бар, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу және авторға және (немесе) құқық иеленушіге «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру бойынша «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағын беру көзделген.
Конкурс жеңімпаздарын айқындауды Конкурстық комиссия жүзеге асырады, оның құрамына мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, бизнес-саланың, инновациялар саласындағы даму институттарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Бағалау әлеуметтік маңыздылығын, экономикалық әсерін, экологиялық қауіпсіздігін, бәсекеге қабілеттілігін және технологияларды өндіріс пен коммерцияландыруға табысты енгізуді қоса алғанда, бірқатар критериилер бойынша жүргізілетін болады.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен, мүсіншелермен және 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттармен марапатталады.
«Шапағат» конкурсына қатысу және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағын беру үшін өтініштер 2024 жылдың 1 мамырынан 31 тамызына дейін келесі электрондық пошта арқылы қабылданады shapagat@kazpatent.kz.
Қатысуға өтінім — fa0f00d6cec33b3ef58672871ad43580Shapagat application forms_r 2024.pdf