Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының президенті, т.ғ.д., профессор Рыспанов Нұрлан Бектасұлы және ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары, т. ғ. к. Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапиұлы келді.
Қонақтардың сапарының мақсаты университеттің жаңа басшылығымен танысу және ынтымақтастықты нығайту болды. Кездесу барысында қатты минералды түзілімдер мен пайдалы қазбаларды дәстүрлі емес геотехнологиялармен игеру жөніндегі жобаны іске асыруға бірлесіп қатысу мәселелері талқыланды.
Н.Б. Рыспанов мырза Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ базасында Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының Қарағанды филиалы жұмыс істейтінін және университет ғалымдары ғылыми-зерттеу қызметін белсенді жүзеге асырып жатқанын, оның нәтижелері еліміздің тау-кен кәсіпорындарында қолданылатынын атап өтті.
Басқарма төрағасы – Университет ректоры Сагинтаева Сауле Саветновна елдің жетекші жоғары оқу орны үшін Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясымен іскерлік және достық қарым-қатынасты сақтау маңызды екенін және ол бірлескен жобаларды орындауға және ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін атап өтті.