Ұлттық басылым күні


«Энергетикалық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Магауин Б.К., ЭЭ-22-1 тобымен Қазақстандағы баспасөз күніне дөңгелек үстел өткізді. 02 ақпан Қазақстандағы баспасөз күні деп жарияланған болатын. Дәл осы күн таңдалуының да нышандық мәні бар. 1913 жылы 2 ақпан күні Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастауымен, қазақтың ұлтсүйер ауқатты азаматтарының қостауымен тұңғыш ұлттық қоғамдық саяси және әдеби-мәдени басылымы «Қазақ» газетінің бірінші номері жарық көрді. Газеттің бірінші бетіндегі рәміздік бейнедегі киіз үйдің есік-жабығының қос босағасына Ахмет Байтұрсынұлы негіздеген төте арабша қаріппен ҚАЗАҚ деген сөз жазылған.

Бұл – осы ел мен жердің иесі, де, есігінің қос таянышы да қазақ халқы, қос босағаң берік болсын, әрі ұлт зиялыларының сөзімен айтқанда «Қазақ“ газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын», — деген ишаралы аңсар-арман еді.

 

Без рубрики