«Ұлтаралық келісім және құқық бұзушылықты алдын алу»


2016 жылдың 21 қыркүйегінде ҚарМТУ-дың бас ғимаратының акт залында м.ғ.д., профессор, Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-экспертті тобының жетекшісі Молотов-Лучанский В.Б., шешен-ингуш ұлттық мәдени «Вайнах» мәдени орталығы төрағасының кеңесшісі Умирзакова Б.Е., ректордың тәртіп бойынша көмекшісі Сагындыков С.А., «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының орынбасары міндетін атқарушы, Сагатова А.С., жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Абильдин Д.С., Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекшісі Куттыбай М.Ж. қатысуымен «Ұлтаралық келісім және құқық бұзушылықты алдын алу» тақырыбында жиналыс өтті. Аталған жиналысқа «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» — «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы бойынша оқуға түскен 1-2 курс студенттері қатысты. Жиналыс барысында құқық бұзушылық туралы, ұлтаралық келісім туралы дәрістер оқылып, 17.09.2016ж. болған қылмыстық жағдай туралы айтылды. Студенттер тарапынан жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысына сұрақтар қойылды.

Без рубрики