Ұлтаралық келісім және студенттер арасында құқық бұзушылықты алдын алу


21.09.2017ж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жастар Әлемі» студенттер сарайында «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түскен және шет елден келген студенттермен «Ұлтаралық келісім және студенттер арасында құқықбұзушылықты алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Оған қатысқандар: Орталық тіреу пункті жергілікті полиция қызметінің бастығы Д.С. Абильдин, ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығының орынбасары Н.Ж. Конусов, Қазыбек би ауданының прокуратура бөлімінің бастығы А.А. Макашев, «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ Ақпараттық қамтамасыз ету және әлеуметтік технологиялар бөлімінің басшысы Е.Б. Хамитов, ректордың режим бойынша көмекшісі С.А. Сагындыков.

Кездесудің мақсаты – студенттер арасында құқық бұзушылықты алдын алу, құқық бұзушылық алдындағы жауапкершілікті ұғындыру, өмірдегі әр түрлі жағдайларда құқықтық жағынан дұрыс іс – әрекетке бейімдеу.

Кездесу барысында орталық ТП жергілікті полиция қызметінің бастығы Д.С. Абильдин студенттерге заңға қайшы әрекеттердің шығу себебі, оны алдын алу, болдырмау тұрғысында өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және де құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету мақсатында университетте «Полицияға жәрдемдесу жедел тобы» құрылып, жұмыс жасап жатқанын айтты.

«Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ Ақпараттық қамтамасыз ету және әлеуметтік технологиялар бөлімінің басшысы Е.Б. Хамитов: «Тәуелсіз елімізде 130-дан астам ұлт өкілі тұрып жатқан бейбіт елміз, еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар! Жоғары оқу орнының қабырғасында сіздердің басты мақсаттарыңыз — білім алу. Білікті де білімді маман атану» деген жылы лебізімен кездесуді аяқтады.

Без рубрики