«Ұлтқа қызмет» білім беру жобасының аясында өткен ЖКФ студенттік топтарының арасында 2023 жылдың 15 қарашасында өткізілген «Туған жерім – Қазақстан Республикасы» атты презентациялар сайысы


ЖКФ кураторлық топтары арасында «Туған жерім – Қазақстан Республикасы» атты тақырыпта презентация сайысын ұйымдастырды.

Сайыстың мақсаты: кураторлық топ студенттерін отансүйгіштікке тәрбиелеу; елінің салт-дәстүрін білуге, насихаттауға баулу; ел тарихын білу мен құрметтеуге үйрету.

Сайыстың шарты: «Туған жерім – Қазақстан Республикасы» атты тақырыпта презентация әзірлеу.  Презентация тақырыбы негізінде сұрақ-жауап, ойын, миға шабуыл технологиясын қолдана отырып, тапсырмалар мен сұрақтар дайындау.

Сайысқа ЛОГ-23-2, ЛОГ-23-1, ТТ-23-1, ОП-23-1 тобының студенттері  топқа бөлініп, өздері әзірлеген презентацияларын баяндады. Ең үздік перезентация үш тілде қорғалды.

 

Сайыс қорытындысы бойынша үздік презентациялар:

1-орын: ЛОГ-23-2 тобы – «Ең үздік презентация» (үш тілде әзірленген) кураторы К.К. Нуржанова;

2-орын: ТТ-23-1 тобы – «Мазмұнды презентация» кураторлары Кулейменова Л.М., Оспангалиева М.Т.

3-орын: ЛОГ-23-1 тобы – «Әсерлі презентация» кураторы А.Б. Аширбекова.

Без рубрики