«ӘЛИЯ – БАТЫР ҚЫЗЫ СЕН ХАЛҚЫМНЫҢ»


2024 жылдың 06 мамырында «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ  Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, ф.ғ.к., доцент К.М. Хамзинаның жетекшілігімен және кафедра ұжымының  ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіс күніне және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 толуына арналған аймақтық патриоттық мәнерлеп оқу байқауы өтті.

 

Байқаудың мақсаты:  

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктеріне тағзым ету, ерліктерін мәңгілік есте сақтау;

Патриоттық тәрбие беру;

Елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу;

Патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу шеберлігін арттыру.

 

Мүшайраның қазылар алқасы:

  1. Щаев Алексей Сергеевич – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Әскери кафедрасының артиллериялық жауынгерлік қолдану циклінің оқытушысы, капитан;
  2. Жетпісбай Шолпан Аханқызы — «Әбілқас Сағынов атындағы  Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Серпін» оқу орталығының жетекшісі;
  3. Манакбаев Асхат Назарбаевич — Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқытушысы.

 

Байқаудың жеңімпаздары ақшалай жүлдемен және дипломдармен марапатталды:

Бас жүлде. Серік Әлия Біржанқызы – «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті» КеАҚ (жетекшісі – Рахымберлина С.А.);

І-орын.  Науменко Полина – Қарағанды «Болашақ» академиясы (жетекшісі – Абылбаева Б.А.);

ІІ-орын.  Мәукен Үміткер «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті» КеАҚ (жетекшісі – Кадина З.Ж.); Макаров Григорий  — Қарағанды жоғары политехникалық колледжі (жетешісі  – Омарова Б.З.);

ІІІ-орын. Додов Зикириолло — Қарағанды жоғары политехникалық колледжі (жетешісі Муфтиева А.А.). Стапстов Даниэль  — Қарағанды жоғары политехникалық колледжі (жетешісі – Алипбекова Ш.Ж.);

Без рубрики