ҚарМТУ жанындағы технологиялық колледждің
Әлеуметтік – психологиялық қызметі
ҚарМТУ жанындағы Технологиялық колледж 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап әлеуметтік – психологиялық қызметі өз жұмысын бастады.
Әлеуметтік – психологиялық қызмет колледждегі білім беру жүйесінің бір бөлігі.
Әлеуметтік – психологиялық қызмет колледждің құрылымының шағын бір бөлігі.
Әлеуметтік – психологиялық қызмет колледждегі оқушыларға сонымен қатар педогогикалық қызметкерлерге бағытталған, олардың психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету және психологиялық колдау көрсету.
Қызметтің негізгі міндеті колледждің оқыту үрдісіндегі оқушылардың әлеуметтік қалыптасуы және жеке тұлғаның психологиялық қызметі, сонымен қатар педогогикалық үрдістің жекелек және гуманизациялық психологиялық қамтамасыз ету. Колледждегі әлеуметтік – психологиялық қызметтің бағыттары оқушылардың психологиялық және әлеуметтік дамуын толық қамтамасыз ету, психологиялық денсаулықты сақтау. Әлеуметтік – психологиялық қызмет оқушы тұлғасының бір-бірте қалыптасыуына көмектеседі.
Әлеуметтік педагог пен педагог –психолог барлық мәселелерді шешкенде ең алдымен оқушылардың қызығушылығын жан –жақты міндеттері мен гормоналды дамуын негізге алады. Әлеуметтік – психологиялық қызметі педагог –психолог және әлеуметтік педагог мамандарымен жүзеге асады.
Әлеуметтік – психологиялық қызметінің қызметкерлері өздірінің жұмыс барысында педагогикалық ұжыммен, оқушылардың ата-аналарымен, мекеме әкімшілігімен тығыз қарым — қатынаста болады.Қызметтің негізгі бағыттары. Тәжірибелік бағыты: Қызметтің мақсат пен міндеттеріне сәйкес әкімшіліктің, ата- аналардың, колледж педагогтары мен оқушылардың жеке сұраулары бойынша коррекциялық, дамытушылық, консультациялық және ағартушылық, психодиагностикалық жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.
Қолданбалы бағыты: педагог кадрлардың психологиялық құзыреттілігін дамыту жүйесін құру, сонымен қатар педагогикалық үрдістің барлық қатысушыларын психологиялық дағды мен білімге оқыту бағдарламасын енгізу және өндеу.
Ғылыми –зерттеу бағыты: қызметтің мақсатына сәйкес жастық кезге бағытталған психодиагностикалық, психокоррекциялық және дамытушылық жұмысының құрама жүйесін зерттеуді өңдеу және өткізу, сонымен қатар педагогтармен, ынтымақтастыққа қызығушылық білдірген психологтармен және зерттеу қызметі өздігінен дамуға бағытталған Тәжірибелі эксперименттік жұмыстың психологиялық негізі: Эксперименттік топ оқушыларының техникалық мүмкіндіктерін анықтау, оқуға деген мотивациясын дамыту, эксперименттік топтардың білім алудағы қанағаттанушылығын анықтау, мұғалімдерге сұрақ – сауал жүргізу, экспериментті топ оқушыларының техникалық ойлау динамикасының дамуын анықтау, ТЭЖ мониторингісі.