Әлем зертханаларындағы жазғы машықтанудан өту грантын жеңіп ал


Академик Шахмардан Есенов атын. ғылыми-білім беру қоры ҚР азаматы болып келетін және қазақстандық ЖОО-ның жаратылыстану-ғылыми және техникалық мамандықтарында оқитын 2-ші және 3-ші курс студенттеріне әлемнің зертханаларында ғылыми машықтанудан өту грантына байқау жариялайды.

 

Егер де сен:

  • Қазақстандық ЖОО-ның 2- және 3-курс студенті болсаң;
  • Сенің мамандығың – жаратылыстану-ғылыми және техникалық болса;
  • Шетелдік үздік ЖОО-ның Ph.D. бағдарламасына түсуді армандасаң;
  • Сенің ғылыми жобаларың мен осы салада ерекше жетістіктерің болса;
  • Ғылыммен айналысуды қаласаң және оны дәлелдей алсаң;
  • Сенің Қазақстанда ғылымды дамытуға және жұмыс істеуге ынтаң болса;

 

Сенің:

Грантқа ие болып, 2018 жылдың жазында ҒЫЛЫМИ машықтанудан өтуге мүмкіндігің бар!

 

Бұл үшін 10.12.2017 ж. мерзіміне дейін толтырылған өтінім мен келесі құжаттарды жібер:

  • Жеке куәлік көшірмесі;
  • Сынақ кітапшасының көшірмесі (барлық сессияларды қоса);
  • Орта білім аттестатының және оның қосымшасының көшірмесі;
  • Диплом, сертификаттар және ғылыми конкурстық жұмыстардың көшірмесі;
  • «Маған Ph.D. дәрежесі  … үшін керек» тақырыбында эссе;
  • ЖОО проректоры немесе ректорының мінездемесі.

 

Өтінімді құжаттармен бірге қордың электрондық поштасына жіберу керек: info@yessenovfoundation.org

 

Келесі байланыс телефондарына хабарласып, өтінімнің қабылданғанына көз жеткіз: + 7 727 346 92 88

 

Байқаудың бірінші саты нәжтижелері мен іріктеудің екінші сатысына өткендердің аты-жөнін 08.01.2018 ж. хабарлайтын боламыз. Бағдарламаның жеңімпаздары ақпан айының басында анықталады.

 

 Байқау шарттары көрсетілген бағдарлама ережесі қор сайтында yessenovfoundation.org

 

Без рубрики