Бағдарламаны іске асыру барысында стипендиаттар Польшаның жоғары оқу орындарында оқып (2 семестр) және мемлекеттік мекемелер немесе жеке ұйымдарда 2-4 апталық машықтанудан өтеді.
Мамандықтар:
• экономика және менеджмент;
• басқару / менеджмент (бизнес, ҮЕҰ, мәдениет, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық қорғау);
• мемлекеттік басқару (мемлекеттік өкімет және өзіндік басқару органдары);
• бизнес басқару;
• құқық;
• қоғамдық ғылымдар (әлеуметтік психология, әлеуметтану);
• саясаттану және халықаралық байланыс;
• даму саясаты және гуманитарлық көмек.
Талапкерлер:
•
2014/2015 жылы Киркланд Бағдарламасы келесі кәсіби топтардың өкілдеріне арналған:
• сарапшылар, саясаткерлер, мемлекеттік өкімет және өзіндік басқарма қызметкерлері;
• кәсіпкерлер, менеджерлер;
• үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, мәдениет қызметкерлері және қоғамдық қайраткерлер;
• ЖОО оқытушылары;
• тілшілер.
Толық ақпаратты http://www.kirkland.edu.pl/images/Ogloszenie_pdfy/KIRKLAND_PROGRAM_-_info_RUS.pdf сайтынан алуға болады.