Өлең десе, өртенеді өзегім


Найзабаев Акжол Арманович — Қарағанды ​​техникалық университетінің, БТ-18-1 тобының студенті, «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-ның 6- кітапхана филиалының еріктілер қатарында

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ өткізген «Өлең десе, өртенеді өзегім» атты Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Бағдат Мүбәрактың өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауынан 3-орын иеленіп, 35 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Ақжол бірінші курстан бастап қаланың барлық мәдени, еріктілік және қайырымдылық шараларына белсенді қатысады, сонымен қатар университеттің ауқымды іс-шараларын ұйымдастырады.

Сізді лайықты марапатыңызбен құттықтаймыз!  Сізге сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз! Кураторы және жетекшісі Мукархан Кулия Мукархановнаны шын жүректен құттықтаймыз!

Без рубрики