Лазуткин Александр Григорьевич


1987 – 1994 жж.

ҚР ҒҰА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор.
ҚарПТИ ректоры

Лазуткин Александр Григорьевич  1935 жылы Пенза блысында дүниеге келді.

1953 – 1956 жж.аралығында Кривой Рог Тау-кен институтында оқыды. 3 курс оқып бітірген соң, Лазуткин А.Г. 1956 жылы Днепропетровск тау-кен институтына ауысты, оны 1958 жылы «Тау-кен механигі» мамандығы бойынша бітірді. ДТИ бітірген соң Қарағанды қаласында жұмыс істеуге жіберіледі.

Еңбек қызметін 1959 жылы Жаңа Қарағанды машзауытында бастады. Машзауытында 3 жыл инженер –құрастырушы, цех басшысы болып жұмыс істеді. 1962 жылы ҚарПТИ-ға аға оқытушы болып, оқытушылық қызметіне ауысады.

1963 жылы аспирантураға түседі.

1967 жылы кандидаттық диссертацияны қорғап, «Тау-кен машиналар» кафедрасында техника ғылымдарының кандидаты ретінде жұмысын жалғастырады.

1971 жылы – Ғылым жұмыс жөнінде проректор, сол уақытта «Тау-кен машиналары» кафедрасын басқарады.

1980 жылы т.ғ.д. ғылыми дәрежесіне ие  болады.

1981 – профессор қызметі.

1987 -1994 жж. ҚарПТИ ректоры.

А.Г.Лазуткин 1112 өнертабыс авторы, 205 ғылыми жұмыс, бірлескен авторлықта 4 монография жарияланған.

Ғылыми зерттеудің негізгі аймағы «Пайдалы қазбалар өндірудің бар тәсілдерін дамыту». Робототехника бойынша Республикалық Кеңесінің Мүшесі. 25 аспирант дайындады.

Марапаттары:
1.Октябрь Революциясының ордені.
2. Еңбек Қызыл Ту Ордені.
3. Мадақтау қағаздары мен медальдері, Мемлееттік сыйлығының лауреаты.
25 қантар күні 1994 жылы Владимир политехникалық университетінің Муромск филиалына ауысу бойынша жұмыс орнынан кетті.

 

Без рубрики