ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


2022 жылдың қорытындысы бойынша Экономикалық даму және әлеуметтік зерттеулер институтының (IKSAD, Түркия Республикасы) Сараптамалық комиссиясының шешімімен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ОТжМ кафедрасының доценті,  филология ғылымдарының кандидаты Бикеш Ревовна Оспановаға үздік ғылыми жетістіктері үшін сертификат табыс етілді.

IKSAD-негізгі мақсаттары әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы ағымдағы зерттеулерді, бағдарламалар мен тәжірибелерді кеңейту және педагогика мен әлеуметтік ғылымдар бойынша зерттеулерді қоса алғанда, барлық деңгейлерде мәдениетаралық диалогты ілгерілету және қолдау үшін платформа құру болып табылатын халықаралық ұйым.

Бикеш Ревовнаны лайықты марапатымен құттықтаймыз және оған кәсіби қызметте жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики