Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистранттары Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтеді


«Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 13 магистранты 21 қарашадан 2 желтоқсан аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Ғылыми тағылымдаманың негізгі мақсаты — көлікте толықтырылған нақтылық технологиясын қолдану тәжірибесімен танысу, оны қолданудың тиімділігін зерттеу.

Ғылыми тағылымдама елордалық магистранттарға КТжәнеЛЖ кафедрасы ғалымдарының, магистранттары мен докторанттарының ғылыми зерттеулерінің тәжірибесін зерделеуге, зерттеу жұмысының жаңа перспективаларын көруге, зерттелетін мәселеге терең талдау жүргізуге, оны шешу үшін жаңа идеялар ұсынуға және оңтайлы нәтижелер алуға мүмкіндік береді.

Без рубрики