2014 ж. 13 қараша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жиын залында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті өкілдері делегациясы мен Университетіміздің профессорлық оқытушылық құрамының кездесуі өтті.
Кездесу нәтижесі бойынша университеттер арасында болашақтағы ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.Жоғары білім беру мен ғылым саласында тура және өзара тиімді ынтымақтастық жасасу, ИИДМБ-2 жүзеге асыру мақсатында бәсеке қабілетті мамандар дайындау бойынша оқу- әдістемелік және ғылыми- зерттеушілік жұмыстардың тиімділігін арттыру жоспарлануда