Өтетін күні: 21.10.2019ж. сағат 15:05
Ауд: 430, бас корпус
Охват студентов: 76 студент
Участники: СИБ-19-1, СИБ-19-2, СИБ-19-3
Ответственные организаторы: Акылтаева С.Д., Исин Б.Д., Жумабай А.Р.
Мақсаты: Студенттерді ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармашылығымен, өмір жолымен таныстыру. Ақынның өлеңдерін оқи отыра Абай өмір сүрген заман мен қазіргі заманды өзара салыстыру. Студенттерді творчестволық, ерекше идеялар құруға, еңбексүйгіштікке, адалдыққа, өз ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу. Студенттердің ізденушілік, зерттеушілік әрекетін дамыту, дағдыландыру. Абай шығармаларымен таныстыра отырып, студенттерді мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу. Студенттерді елін, жерін сүюге, туған жерін мақтан тұтуға, елінің дара тұлғаларын оқуға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
Қолданылатын әдістер: «Модерация» әдісі, «Көп қадамды сұхбат» әдісі, студенттердің шығармашылық қырларын ашу.
Құрылғылар: компьютер, интерактивті тақта, проектор, мультимедиялық
колонкалар.
Кураторлық сағаттың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі
- 1 — кезең (еркін және сенімді атмосфера жасау)
Куратор: Жұмабай А.Р. Сабақтың тақырыбы, мақсатымен, жоспарымен таныстырады. Осы тақырып бойынша студенттерден қысқаша сұрақ-жауап жүргізіледі.
- Ұлы ақынАбай Құнанбайұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келді ?
- Абайды неге Ұлы ақын дейміз? Абайдың Ұлы болуына қандай дүниелер септігін тигізді?
- «Абай Жолы» шығармасын кім оқыды? Авторы кім?
«Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы, өлмейтұған артына сөз қалдырған» баяндамасы оқылады (Есенбекова Назерке, Амангелді Мұхтар) (5мин)
ІІ. Негізгі бөлім
2 – кезең (талқылаудың тақырыбын немесе мәселесін анықтау және тұжырымдау)
Куратор: Жұмабай А.Р. Абайдың қара сөздері туралы айтып өтеді. Абайдың бір қара сөзі оқылады. (10 мин)
3 кезең (Абайдың жастар тақырыбына арналған өлеңдері презентациядан көрсетіледі(«Заманақыр жастары», Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат)). Әрбір студент жастар тақырыбындағы өлеңдердің қазіргі жастардың болмысын көрсететін, көрсетпейтіндігі туралы өз ойларын айтып пікір таластырады. (15мин)
ІІІ. Сергіту кезеңі:
Абайдың әндері туралы айтылады. Студенттер Абайдың әнін айтады (6мин)
4 кезең (жұмыс нәтижелерін жалпылау және нақтылау)
Куратор: Жұмабай А.Р Өткізілген тақырыпты қорытындылады. Студенттер Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқудың жалпы қазақ үшін, жастар үшін маңызы зор екенін атап өтті. Шығармашылықпен айналысатын студенттер өз шығармашылықтарынан өлең жолдарын оқиды(7мин)
5 кезең (жұмыс қорытындысын жасау және әсерлерімен бөлісу)
Өткен тақырыпты қорытындылау. Сабақ барысында белсенділік көрсетіп, шығармашылық жұмыспен айналысқан студенттерге алғыс білдіру(4мин)