КУРАТОРЛЫҚ САҒАТЫНЫҢ МАСТЕР-КЛАСС: «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған»


  

Куратор сағатының тақырыбы: «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған»

Өтетін күні, уақыты, орны: 24.02.2020 ж. сағат 12:00 ауд: 28 бесінші корпус

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен студенттерді таныстыру, ақынның даналығын, рұхани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу

 

Куратор сағатының нәтижесінде студенттер рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.

  1. Кураторлық сағаттың міндеттері:

— Студенттерге  халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын  насихаттау,

— студенттердің  Абай мұрасына қызығушылығын арттыру

— студенттердің бойында Абай туралы білімдерін жалпылау .

Қолданылатын әдістер:   Топтық әдіс. Тақырыптық сергіту ойыны.

Құрылғылар: компьютер, проектор, Абай портреті, фотосуреттер,ақын туралы айтылған ғұлама сөздер, презентация, тақырыптық материалдар және т.б.

Қатысушылар: БТ-19-1 тобының студенттері.

Кураторлық сағаттың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (15 мин)

 

Куратордың алғы сөзі  – 5 минут.

Құрметті студенттер, әріптестер, қонақтар, біздің кураторлық сағатқа қош келдіңіздер!

Біздің кураторлық сағат «Көрнекті ақын, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына» арналады.

   Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы. Ұлы ақын, ағартушы Абай  музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі — олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі — мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына — ауыл-аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.

Енді Сіздердің назарларыңызға «Абай Құнанбайұлының өмірбаяны» тақырыбы бойынша тобы дайындаған презентациясы ұсынылады – презентация 5 минут.

Зере-жүргізуші: Бүгінде өзалдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүл-дүлшешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс-әрекетін насихаттап, мерей тойларын атап өтуде. Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына байланысты ҚарМТУ  университетінде тамаша іс-шаралар  өткізіліп жатыр. Кешімізді ашық  деп  жариялаймыз.

Презентация «Ұлы халықтың-ұлы Абайы»

Дильназ-жүргізуші: — Жүрегімнің  түбіне  терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде  өстім, Мыңмен  жалғыз алыстым, кінә қойма,

— деп  жырлайды  ақын  өз өлеңінде.

Біздің арамызда да ақын балалар бар екен.  1курс студенттерің Кеңесбек Нұрай мен Ағысбай Ақылдас кешке арналған  арнау  өлеңін оқиды.

Зере-жүргізуші

Жүрегін  шырақ  етіп  жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне –өзі орнатып ескерткішті, Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?

Талабын тасқияға  өрлеткен кім?

Құбажан, құрбақан құм, құлақырда, Өлеңнің бесігінде  тербеткен кім?

Ақын әндерін  бүгінгі  таңда сүйсіне орындап жүрген студентіміздің бірі–Алтынмурат Аружанды «Көзімнің қарасы» әнін  орындауға шақырамыз.

Дильназ -жүргізуші

Өзгеге, көңілім, тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың?

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың.

Келесі кезекте 1 курс студенттері ақын шығармаларынан үзінді оқиды.

Зере-жүргізуші

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем  ән мен тәтті  күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй.

Дильназ -жүргізуші

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен  әділдіктің  лебіескен кім?

Арманын  атандырып келешекке ,

Біздермен осы күнгі  тілдескен кім?

Тайсалмай, мыңмен  жалғыз алысқан  кім?

Жауына найза сөзін шанышқан кім?

Өзендей құйғанбарын көктеңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

1 курс студенттерін Абай Құнанбаевтың қара сөздерін жатқа оқуға шақырайық.

Назар Орынбек «7 қара сөз»

Куванчева Асем «45 қара сөз»

Зере-жүргізуші: Рухымен  бекем күрескен,

Санаға ғылым ұқтырған.

Сөзімен жарық, нұр құйған

Айналдық дана, текті ұлдан.

Келесі кезекті  1 курс студенті Кайролла Мөлдір «Абай Құнанбаевтың 24 қара сөзің оқуға шақырайық

Дильназ-жүргізуші:

Қазақтың туған бағына

Абайдай дана баласы.

Ақынның ғашық жырларын

Сағынды байтақ даласы.

– дей келе1 курс студенті Фазыл Казбекті Абай Құнанбаевтың 19 кара сөзің оқуға шақырайық

II   негізгі кезең: Студеттер тобы екіге бөлінеді (2 мин)

Зере- жүргізушіКуратор сағатымыздың 2-ші кезеңі студенттер екі топқа бөлінеді: Абай туралы сұрақтар  қойылады.

Дильназ — жүргізуші  Белсенді  қатысқан топтар мараппаттайды

Зере-жүргізуші

Өлмей тұғын артында сөз қалдырған, — деп төрелігін шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен де бізбен бірге. Абай әлемін бүкіл  дүниеге  таратушы  кемеңгер Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп   қана  іштім» деген екен. Ал біз ұлы  ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек  қана сол тереңнен дәмтаттық қой деп ойлаймын. Сол себептен  оқудан, білуге  ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық деген  тілек  айта отырып, бүгінгі  кешімізді  аяқтауға  рұқсат етіңіздер.

 

Дильназ  –жүргізуші

Кешіміздің  тыңдаушысы  болғандарыңызға  көптен – көп рақмет. Сау – саламат болыңыздар.

 

Қорытынды

Марапаттау сәті:

Куратор сағатының соңында әділ қазылар алқасы топтарға арнайы мадақтама грамотасын ұсынады.

Кураторлық сағатқа қатысқандар: 

 

ПТ  ҒЗИ директоры Агибаева С.Ж.
Шығармашылық орталығының жетекшісі Ануарбеков К.Б.
ИТФ деканының  ТЖ   орынбасары Амантаев Н.Г.
ХжХТ каф меңгерушісі Такибаева А.Т.
Кафедра оқытушылар: Жорабек А.А.
Нуржанова К.О.
Куратор БТ-19-1 Рахимберлинова Ж.Б.
Без рубрики