КУРАТОРЛЫҚ САҒАТТЫ ТАЛДАУ


  1. Кураторлық сағаттың мастер-классын өткізу туралы мәлімет

Куратор: Сагатбекова Динара Ермековна

Факультет: ФИТ

Кафедра: ИВС

Мамандығы: Ақпараттық жүйелер

Курс: 2   топ: ИС-18-1

Өткізілген күні: 15.04.2020  уақыты: 17:00 – 17:50

Аудитория:  басты корпус, 412, (ҚОТ zoom 2137630770)

 

  1. Кураторлық сағат тақырыбы: Басенов Т.К. – сәулетші, қазақ сәулет мектебінің негізін қалаушы.
  2. Кураторлық сағаттың мақсаты: Сәулетші Бәсенов Т.Қ. өмір жолы, еліміздің тарихындағы ұлы тұлғаларға деген танымдық қызығушылықты дамыту.
  3. Кураторлық сағаттың міндеттері:

Білімділік:

  • еліміздің тарихындағы ұлы тұлғаларға деген танымдық қызығушылықты дамыту;
  • студенттердің ой өрiсiн кеңейту.

Дамытушы:

  • Қазақстан Республикасының сәулет мектебіне сіңірген еңбектерімен таныстыру, сүйіспеншілк сезімін ояту, құрметтеу.

Тәрбиелік:

—         Бәсенов Т.Қ. өмір жолын үлгі ала отырып Отаның, халқынсүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.Көрнекілігі: —          Т.Басеновтің еңбектерінен студенттердің дайындаған суреттері «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры», Т.Басеновтің 100 жылдығына арналған ескерткіш монетасын көрсету.Жабдық: компьютер, интерактивті тақта, проектор, мультимедиялық презентация. 5. Қолданылатын жабдықтар мен дидактикалық құралдардың сипаттамасы: Куратор сағатының мастер-классының толық жоспары, кураторлық сағатының презентациясы, бейнематериалдар, 412 аудиторияны қажетті деңгейде материалдық-техникалық жабдықталуы (компьютер, проектор) бар. Кураторлық сағаттың тақырыбы барынша қамтылған, ақпарат слайдтар түрінде ұсынылған.

 

  1. Аудиторияның санитарлық-гигиеналық жағдайы: 412 аудиторияның жағдайы қанағаттанарлық (жарық, терезелерде жалюзи бар). Қауіпсіздік техникасы бойынша ешқандай заң бұзушылық болған жоқ.

 

  1. Кураторлық сағатта тәрбие жұмысын ұйымдастыру:

Куратор сағатының уақыттық құрылымының сипаттамасы: —       Кураторлық сағаттың тақырыбын, жоспарын, мақсаттары мен міндеттерін хабарлау (5 мин);

  • «Т.Қ. БӘСЕНОВ – СӘУЛЕТШІ, ҚАЗАҚ СӘУЛЕТ МЕКТЕБІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ» — тақырыбы бойынша дайындалған презентация (15 мин);
  • Студентердің салған суреттерін баяндау (5 мин);
  • Зияткерлік ойын (15 мин);
  • Ойынды қорытындылау (5 мин).

 

Кураторлық сағаттың уақыттық құрылымы сақталған. Кураторлық сағаттың ақпараттық мазмұны жарияланған тақырыпқа сәйкес келеді.

Кураторлық сағат тақырыбы толық ашылды, материал көлемі бойынша дұрыс таңдалған, сайыс студенттердің ұлттық құндылықтар мен Т.Қ. Бәсенов шығармашылығына деген қызығушылығын арттырды, топтағы достық қатынасты нығайтты.

Мазмұнды бөлім:

Ақпараттың қанықтылығы: кураторлық сағат тақырыбы барынша қамтылған, ақпарат слайдтар түрінде көрсетілді, дайындалған сайыс тапсырмалары студенттердің қызығушылығы мен белсенділігін арттырды. Материалдары заманауи, студенттер үшін қызықты.

Кураторлық сағатты өткізуде таңдалған әдістері мен тәсілдері (танымдық сайыс, топтық жұмыс) «Жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» патриоттық тәрбие моделіне сәйкес қойылған мақсаттарына, қарастырылған материалдың мазмұны мен топ ерекшеліктеріне сәйкес келеді, студенттердің ой-өрісін кеңейту, студенттерді белсенді практикалық қызметке тартуға негізделген, кураторлық сағаттың қызметтік сипатын қамтамасыз етті.

Кураторлық сағатты өткізудің ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары:

Кураторлық сағат барысында куратор аудиторияда жағымды психологиялық микроклимат жасап, қарастырылып отырған тақырыпты түсіну үшін барынша жағдай жасады. Студенттер кураторлық сағат тақырыбына қызығушылық танытты, топтық жұмысқа белсенді араласты.

 

  1. Кураторлық сағат өткізілген топтың жалпы сипаттамасы:
  • тізім бойынша топтағы адамдар саны – 25, кешіккендер жоқ, келмегендер – 2 (зумға кірегу мүмкіндіктері болмады);
  • топта ұжымның қалыптасу деңгейі — тату;
  • барлық топтың немесе жеке студенттердің белсенділік деңгейі -динамикалық;
  • кураторлық сағаттағы студенттер қызметінің сипаты — өнімді;
  • тақырыпқа қызығушылық — сайыс барысында барлық студенттер белсенділік танытып, өз пікірлерін білдірді, тақырыптық материалды меңгерудің осы тәсіліне қызығушылық танытты.
  •  студеттердің сөйлеу мәнері сауатты, өз ойларын толық жеткізеді;
  • тәрбие сағатындағы студенттердің тәртібі мен мінез-құлық мәдениеті жақсы.

 

  1. Куратордың іскерлік қасиеттерінің сипаттамасы:

Кураторлық сағат тақырыбы студенттердің ықпалдасу тарапынан ұсынылды. Ауызша баяндау мәдениеті – жақсы, баяндау қарқыны – орташа, материалды баяндаудың айқындығы мен қол жетімділігі — жоғары. Аудиториямен жұмыс істей білуі байқалады. Сыртқы түр-келбеті келісілген.

 

  1. Қол жеткізілген нәтижелер:

Кураторлық сағат жоспарға сәйкес өткізілді. Кураторлық сағаттың мақсаты мен міндеттері «жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» патриоттық тәрбие моделіне сәйкес толық орындалды.

Осы кураторлық сағаттың көмегімен өз елі үшін мақтаныш, еліміздің тарихындағы ұлы тұлғаларға деген танымдық қызығушылықты дамыту, студенттердің ой өрiсiн кеңейту мақсаттары орындалды.

Кураторлық сағаттың өткізілуіне байланысты оң баға берілді.

 

  1. Ұсыныстар: Кураторлық сағатта сайыс барысында студенттер ережелерді мұқият тыңдап, бір-бірімен дауласпаса деген ұсыныс айтылды .

 

 

Патриоттық тәрбие ҒЗИ директоры                   С.Ж. Агибаева

ИТФ ТЖ декан орынбасары                     Н.Г. Амантаев

АЕЖ кафедра меңгерушісі м.а.                 А.А. Калинин

АЕЖ кафедрасының аға кураторы            Э.К. Сейпишева

АЕЖ кафедрасының оқытушысы             А.С. Смагулова

ИС-18-1 тобының кураторы                     Д.Е. Сагатбекова

Без рубрики