2018 ж. 12-13 қараша аралығында Қарағанды облысы жастар саясаты бойынша басқармасы және «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері Жезқазған және Сатпаев қалаларындағы жастар мен жасөспірімдермен кездесу үшін мәдени-ақпараттық керуенді ұйымдастырды.Бұл шараның негізгі мақсаты ауыл жастарына бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың мазмұны мен мағынасын түсіндіру,насихаттау. Аталған шараға Инновациялық технологиялар колледжінің 2- курс студенттері Бегалиев Е. және Жасулан ұлы Д. белсенді қатысты.