Аспан асты елінің мәдениеті қарағандылықтарға жақындай түсті


27 қыркүйекте Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жастар әлемі«студенттер сарайында қытай өнерінің фестивалі өтті.

Бұл Қытай мәдениеті өкілдерінің шығармашылық баяндамаларымен және Шихэцзы университетінің (ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы) мамандарымен қарым-қатынасқа толы бірегей іс-шара болды.

Жиналғандар алдында ҚарМТУ ректорының кеңесшісі — Кропачев Петр Александрович құттықтау сөз сөйледі, ол өткізілетін іс-шараның шығармашылық және конфессияаралық байланыстарды нығайту саласында маңыздылығын атап өтті.

– 10 жыл бұрын Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мен Аспан асты елінің ЖОО ынтымақтастық туралы Меморандумға және ҚарМТУ жанындағы Конфуций институтын құру туралы келісімге қол қойды. Бүгінде бұл қытай тілі мен мәдениетін танығысы келетіндерді біріктіретін, сондай-ақ гуманитарлық саладағы қытай — қазақ ынтымақтастығының нығаюына ықпал ететін бірегей ұйым, — деп атап өтті Петр Александрович.

Шихэцзы университетінің Халықаралық бөлімінің басшысы Ван Ли мырзаның бастаған Делегация іс-шараның құрметті қонақтары болды. Өз сөзінде Ван Ли мырза Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 тамызда белгіленгенін, екі ел түрлі бағыттар бойынша диалог орнатуға мүмкіндік беретін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүшелері болып табылатынын атап өтті..

– Сіздің университетіңізде Конфуций институты табысты жұмыс істеп жатқандығына мен өте қуаныштымын. Бүгін мұнда бірегей шығармашылық қойылымдар көрсетіледі. Олар ұлттық бояумен көмкерілген және қытай мәдениетін көрсетеді», — деп атап өтті Ван Ли мырза.

Сонымен қатар, ҚарМТУ жанындағы Конфуций Институтының директоры Татьяна Филиппова қазіргі уақытта әлемнің 105 елінде 400-ге жуық институт пен 500-ге жуық Конфуций сыныбы бар екенін атап өтті. Біз әріптестерімізбен ынтымақтастықты қолдаймыз және тәжірибе алмасуға тырысамыз. Бүгін біздің тыңдаушыларымыз үшін қытай тілі, тайцзицюань спорты бойынша факультативтік сабақтар, сондай-ақ каллиграфия сабақтары өткізіледі. Біз Қытайдың мәдениеті, тарихы, экономикасы туралы дәріс оқимыз,деп атап өтті Татьяна Филиппова.

Фестиваль аясында жиналғандарға «Циньхуай өзеніндегі сегіз ару» биі мереке қонақтары —  Ван Юйин, Ван Жуолань және Чэн Кай орындауында көрсетілді. Қытайдың төрт шекті гитарасы Пипаның көмегімен Джан Ивэнь «Вэйхэ өзеніне махаббат»атты композицияны орындап, жергілікті көрерменді таң қалдырды.

Өнер көрсеткеннен кейін бишілердің бірі, Шихэцзы университетінің студенті ҚарМТУ және жалпы Қазақстан туралы өз әсерлерімен бөлісті.

Чэн Кай: «Мен сіздің елге келгеніме өте қуаныштымын. Дүниежүзілік желі арқылы мен бұрын да Қазақстан халқымен сөйлескен едім. Енді маған осында болу бақыты бұйырып отыр. Мен бірнеше жергілікті мұражайларды араладым және маған олардың біріндегі екінші дүниежүзілік соғыс туралы экспозиция өте ұнады».

Іс-шараға қатысушылар пікір алмасып, өз әсерлерімен бөлісті. Фестиваль аясында қытайлық ұлттық күрес түрлерінен көріністер беріліп, қытай халық медицинасының көмегімен емдеу әдістерін көрсетті. Тіл үйренушілер үшін каллиграфиялық экспозиция қызықты болды. Қытай мәдениетінің фестивалі бұл жолы патриоттық тақырыптағы әңгімелерге толы болды.

 

 

 

 

 

Без рубрики