Куаныш Тайшибеков


Көңіл күй мен Білім – жетістіктің кілті!

Сіз қазіргі Қазақстанды «Болашақ» стипендиясыз елестете аласыз ба? Көбісі ия деп айтар еді. Бірақ бұл бағдарламаға жарқын сенетін бір топ адамдар бар. Бұл топ – жастар, болашақ еліміздің тірегі. Менің ұстанымым: ешқандай бөгеттерге қарамай әрқашанда алға қойған мақсаттарға біртіндеп жету.
Балалық шағымда ойлап тапқан ұстанымымның арқасында барлық бастағандарымнан сәттілікке жетуге тырысамын. Әрине, менің шалынған сәттерім де болды, бірақ мен оған еңсемді түсірмей әрі қарай қозғалысымды жалғастырамын. Бірақ менде ешқандай таң қаларлық жоспарым мен жобам жоқ. Менің барлық жоспарларым ойластырылған және іске асарлық.
Мен «Болашақ» стипендиясына жылдар бойы дайындалдым. Екінші курста өзіме стипендия аламын деп мақсат қойдым. 2008 жылы Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің «Аспапқұрау» мамандығын бітірген соң өзімнің ағылшын тілін білмегендіктен оқуға түсуге дайын емес екенімді түсіндім. Құжаттарымды 2009 жылы тапсырамын деп шештім. Бір жыл ішінде ағылшын тілінің жоғарғы деңгейіне жеттім және TOEFL – ді сәтті тапсырдым. Өткен кезеңдерден кейінгі күту – бұл ең қиыны. Бұл мен үшін шыдамдылыққа деген ең маңызды емтихан болды. Көптен күткен жаңалық 2010 жылдың 19 қаңтарында келді. АҚШ – та магистратура бағдарламасымен, мен халықаралық «Болашақ» стипендиясының жүлдегері болдым. Дарынды жастарымызға шет елде оқуға мүмкіндік бергеніне, біздің президентіміз Н.А.Назарбаевқа алғысымды білдіргім келеді. <> кафедрасының оқытушыларына, С.Х.Есенбаевқа жеке және халықаралық бөлімінің қызметкері Б.Р.Жолмағамбетоваға көрсетілген түсіністік пен демеушілігі үшін үлкен рахмет айтқым келеді. Болшақта егеменді мемлекетіміздің өсіп – өркендеуі үшін бар күшімді қосуға тырысамын. Болашақ үміткерлерге берер ақылым, жетістікке жету үшін, үш мінез – қылыққа ие болу қажет: шыдамдылық, өжеттік пен ізбасарлық. Стипендияны алуға лайықты дәл Сіз екеніңізді дәлелдеңіз.

Қуаныш Тайшыбеков, ПС – 04 – 1 тобының түлегі.

Без рубрики