28.03.19ж БЖТ кафедрасында «2019 жыл-Жастар жылы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оның мақсаты — жастарға Бірінші Президент жариялаған мақсаттар мен міндеттерін ашу; Қазақстан жастарының алдында тұрған мәселелерді талқылау.
Дөңгелек үстел жұмысының алдында БЖТ кафедрасының аға кураторы Г. А. Белик дөңгелек үстелдің мақсаты мен міндеттерін атап өтті. Кейін БЖТ кафедра меңгерушісі Мехтиев А.Д.сөз кезегі берілді. Ол жастар еліміздің болашақ гүлденуінің негізі екенін атап өтті, студенттерді кафедра мен ЖОО-ның қоғамдық, ғылыми қызметіне белсенді қатысуға шақырды, сәттілік пен жемісті еңбек тіледі.
ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында «Нұрәлем» павильонында Жастар жылының ресми ашылуы туралы РЭТ-17-3 тобының студенті Максим Мосунов баяндама жасады. Осы іс-шараның барысы туралы баяндамадан басқа, Үкіметке Н.А. Назарбаев жастарды қолдаудың негізгі төрт бағытын пысықтауды тапсырғаны туралы атап өтті: қолжетімді баспана, сапалы білім, жұмыспен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау.
Бірінші баяндама бойынша пікір алмасудан кейін РЭТ-17-3 тобының студенті Кашлев Александр сөз сөйлеп, BRIF ResearchGroup агенттігі мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін айтты. Баяндамада жастардың көші-қонына, жұмысқа және оқуға қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Баяндаманы талқылаудан кейін т.ғ.д., тәрбие ісі жөніндегі проректор Алпысбаева Назым Аманғазықызы сөз сөйледі. Өз сөзінде ол студенттерді оқуға және жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, бей-жай қарамауға, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, салауатты өмір салтының мәдениетін ұғындыруға және оларды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды.