Корпоративтік университет


Президент Нұрсұлтан Назарбаев республиканың жан-жақты жаңғыртудың жаңа кезеңнің маңызды бағыттарының ішінде инновациялық-білімдік консорциум құрудың қажеттілігің атап өтті, бұл мемлекеттің ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндеттерін орындай алатын жоғары білікті мамандардың дайындығын қамтамасыз ете алады.

Әлемдік экономикадағы өзгерістер кадр даярлау саласында қарама-қарсы келуге әкелді-Біліктілік Құзыретке қарсы.Қазақстанның білім беру жүйесі құзыреттің жағын таңдады-жұмыскерлердің нарық талаптарына әрекет жасау қабілеттілігі. Білікті кадрларды дайындау корпоративтік университетсіз бола алмайды, олардың қызметі ғылым мен техниканың басым бағыттары бойынша Қазақстан экономикасының негізгі салаларының инновациялық даму үшін қажетті құзыреттері бар кадр дайындаудың көп деңгейлік жүйе құрумен байланысты болып келеді.

Қазіргі таңда Қазақстанның экономикасына шетелден жоғары технологиялар мен күрделі қазіргі заманғы техника тартылады. Өзгеріс динамыкасы соншалықты жоғары болғандықтан, профессорлық-оқыту құрамы кейде бәсекелесуге қабілетті мамандарды дайындауда болып жатқан өзгерістерге тікелей әрекет жасауға үлгірмейді. Пайда болған жағдайдан шығу жолын біз ЖОО, ғылыми мекемелер, өнеркәсіп және бизнес күштерін шоғырландыру мен инновациялық-білімдік консорциум бола алатын қызметтестіктің бір формасы. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті осындай қызметтестіктің тәжирибесіне ие болған соң, Қазақстан және Ресей Федерациясының ЖОО мен ғылыми мекемелер, ірі кәсіпорындардың қатысуымен инновациялық-білімдік консорциум негізінде Корпоративтік Университет құрады.

Акционерлік қоғам «Ғылыми-өндірістік орталық «Фитохимия»», «Қазақстан ФарМедИндустрия» Қаумдастығы, С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық академиясы, Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, «Болашақ» Қарағанды университеті, «Қарағанды » ЖШС «Қарағанды фармацевтикалық зауытымен» республикалық инновациялық-білімдік консорциум құру бойынша бірлескен жұмыс жүргізіледі.

Университет ашық білімнің негізгі принциптерін: қол жетімділік, баяндылық, нәтижелілік, қазіргі замандылық және технологиялылықты басшылыққа алады. Бірлескен қызметте технологиялық базаны құру кезінде қабылданатын сәулеттік және құрылымдық шешімдер ашық білім берудің негізгі принциптерін жүзеге асыру үшін бағытталады.

Қазіргі өркениеттің динамизмі, оның мәдениеттік тобын өсуі, қоғам мен өндірісте тұлға ролінің күшейтуі, оның талаптарының өсуі, қоғамның ізгелендіруі мен демокртаияландыруы, еңбектің зияткерлендіру, техника мен технолгияның тез алмасуы «Өмір бойы білім алу» формуласын «Өмір арқылы білім алу» фломуласына ауыстыруды болжайды.

«Үздіксіз» білім ұғымы нарықтық экономиканың пайда болуымен бірге естілді. Осы адамдарды үздіксіз оқуға өтіндіреді. Үздіксіз білім алу – еңбекке жарамды халықтың санын сақтау жолдарының бірі.

Көптеген кәсіпорындардың мәселесі – олардың қызметкерлері үздісіз білім алуда қажетсінуді толық жете түсінбеуде. Көбісі ескі дәстүр бойынша, тек өзінің табиғи сезімі, тәжирибе мен тұлғалық сапаларына сеніп жетекшілік жасайды.

Ірі трансұлттық компаниялар «Тайота», «Дженерал электрик», «Серевреталь» университеттерге материалдық-техникалық базаны, мамандарды ұсына отырып, корпоративтік қатынас шеңберінде мамандардың дайындығын және қайта дайындығын ұйымдастырады. Осы компаниялар еңбек нарығында ең белсенді болып табылады, себебі олар өз қажеттіліктерін түсінеді, олардың өз қорлары бар және оларды шешуге қажетті шараларға кіріседі. Орта және кіші кәсіпорындар кадрлық саясатты жүзеге асырып, ЖОО бітірушілерін тартып, жас маманды қолдау әлеуметтік бағдарламаның жетілмегендікте бұл мақсат қиындықпен жүзеге асады. Осының барлығы ЖОО-ларға бакалаврлардың мақсатты дайындығын, магистрлердің қайта дайындығын, кәсіпорын жұмыскерлерінің біліктклігін көтеру, жас мамандардың машықтанудан өту-оқып бітіру бағдарламаларын құрып, жүзеге асыруды мүмкіндік береді.

Қарағаенды мемлекеттік техникалық университетті Қазақстан ЖОО-лар арасында алғашқы болып өндіріспен талап етілген мамандарды дайындаудың сапасын көтеру мақсатындаКорпоративтік университет тұжырымдамасының шеңберінде білім беру бағдаралмаларын жүзеге асыра бастады.

Біліктілік көтерудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың маңызды сұрақтарының бірі – өндірістің техникалық және технологиялық міндеттерін орындау үшін техникалық мамандарының бітіруші-бакалаврлардың оқып бітіруі болып табылады, әсіресе бұл еңбектің қауіпті жағдайларымен байланысты өндіріспен байланысты, мысалы, қатты пайдалы қазбаларды ашық, жабық әдіспен өңдеу және т.б. Алдымен кәсіпорындар осыда құштарлықты білдіру керек, соымен қатар осы мақсатпен ЖОО-ларды тартып, қаражат бөлу керек.

Қазақстандағы білімнің қарқынды өсуінің мүмкіндігі оқытудың аралық технологиясымен байланысты болып келеді, онсыз «өмір бойы білім алу» философиясы жүзеге аспайды.

ҚарМТУ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Консорциум шеңберінде оқытушылар мен студенттерге 4000-нан астам оқу курстарын пайдалануға мүмкіндік береді. Оқу ақпараттың қол жетімділігі ЖОО-ларды студенттерге тартымды қылады. Қазіргі таңда талапкер түсу кезінде университеттің тек веб-сайтын ғана емес, сонымен қатар ашық оқыту қорларын зерттейді. Аралық оқыту технологиялар оқыту орнын және формасын таңдауға құқығы бар үздік студенттерге ерекше, жаңа мүмкіндіктер ашады.

Технологиялардың қарқынды дамуы мен жоғары төлемді жұмыс орындарына бәсекелестік пен әлемдік еңбек нарығының дамуымен қоса білімдегі жаңа салалардың пайда болуы жұмыскерлерден үздіксіз оқуға талап етеді. Есейген студенттер оларға қандай бағдарлама мен курстар керек екенін жақсы түсінеді, оқытудың мамандығы бойынша практикалық тәжірибесіне ие болып пәндердің теориялық негіздерін тезірек түсініп, оның мазмұна сынап қарайды. Осы білім қызметтерін тұтынушылармен айтылған барлық тілектер мен талаптар оқытудың кредиттік жүйесінде жүзеге асады. Оқытудың аралық технологиясының өсіп келе жатқан өткізу мүмкіндігі ойын және еліктемелік әдістемелерін, бағдарламалық-аппараттық комплектсерін, видеоматериал мен видеоконференциялар қолдануды маңызды және қажетті қылады.

Электрондық оқыту құралдарды қолданудың дамуы барлық ЖОО бағдарламалары жақындағы болашақта желіде болуды ұсына алады.

Қазақстандағы «Тілдер үштұғырлығы» мәдениет бағдарламасының жүзеге асуы Интернет арқылы ағылшын тіліндегі оқыту бағдарламаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді, аударманың ақпараттық жүйелер дамуы 2015 ж. қарай желі режиміндегі өткізілетін оқыту бағдарламаларының ілеспе аудармасын қамтамасыз етеді.

ҚарМТУ-да әр жыл сайын өткізілетін бітірушілер жәрмеңкесі, жұмыс берушілермен сауалнама жүргізудің көп жылдық тәжірибесі кәсіпорындардың кадрлық саясаты ең басымен «дайын» қызметкерлерге бағытталғанын анықтайды.

Көптеген компаниялар, кәсіпорындар Университетпен ақырғы курстарында белесене қызметтестік жасайды және өздеріне кадрлық қор қалыптастырады. Осының көбісі техникалық және инженерлік мамандықтарға қатысты болады. Олар өз кәсіпорындарында тәжирибеден өтуге, бейінді тақырыптама бойыншадипломдық жобалар мен жұмыстарды қорғауға қамтамасыз етіп, өз кәсіпорындарының презентацияларын өткізіп, арнайы курстарды ұсынып, өз кәсіпорындарында кафедра филиалдарын ұйымдастырып, зертхана жабдығында көмек көрсетіп, тәжірибелік білім мен әдеттердің, жоғары білімнің қазіргі жағдайы сипатталатын кемшілікті толықтырады.

Корпоративтік Университеттерді құру бакалавр дайындау жүйесімен пайда болатын инженерлік білімнің орнын алады.

Корпоративтік білім процесінің негізгі бағыттары: менеджлер құрамын, компанияның әр түрлі деңгейдегі кадрлық резервын оқыту, жас мамандардың біліктілігін көтеру; жұмыс мамандықтарын дайындау және аттестациялау.

Әр жыл сайын өткізілетін бітірушілер жәрмеңкесіндегі компаняилар, кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілерімен сауалнама жүргізу кезінде олардын ҚарМТУ-дағы «Корпортивтік Университеттегі» біліктілік көтеру, дайындық және қайта дайындықта қызығушылығын растайды. Осымен қатар Университеттің оқытушылар құрамы курстарды тапсырыс беруші ерекшелігімен құрайтыны болжамданады.

Корпоративтік дайындықтың, «оқып бітіру», қайта дайындау, біліктілік көтеру Инновациялық-білім консорциум қызметінің негізгі шарты:

Университеттің бәсекеге қабілетті білім қызметтерінің пакетін жетілдіретін кадрлар бар, оның маңыздысы, олар осы пакетті сата алады;

Оқытушылар өз курстарын дайындауда кәсіпқорлығын көрсету керек, оны тұтынушыға өзгерте біліп, біліктілік көтеру курстарында немесе саланың жетекші кәсіпорындарда алған осы салада қызметтің практикалық тәжірибесі болу керек;

Кәсіпорын басшылығымен университетпен ұсынылатын білім беру консалтингілік қызметтерде қажеттік, сонымен қатар жаңа білім алуге өз бетімен төлеу қажеттілігі жете түсінілу керек.

Ұйымдар барлық жұмыскерлерге оқуды ұсына алатын және қамтамасыз ететін ортаны жасау керек, бұл кәсіпорын дамуының мақсатында кәсіби потенциалды көтеріп, әр қызметкердің бәсекелестігін және төлемақысын жоғарлатып, кадрлардың тұрақтамауын төмендетеді;

Университет пен Кәсіпорынның ғылыми қызметі инновациялық оқудың шарттарын- нәтижесі коммерциялық табыс болып келетін жаңа білім жасау процесінде оқуды белгілейді.

Корпоративтік оқытудың негізгі құрамдас бөлігі – Кәсіпорынның өз тауарын, технологияларды нарық қа оның бітірушілерінің білім, кәсіби дағдылар арқылы тез жылжыта алатынын түсінуі және бұл тауар мен технологияларды табыстау басында студенттерді оқыту үшін Университетке, сосын нарыққа қызмет жасайды.

Без рубрики