ШЫҰ Университетінің тұжырымдамасы
ШЫҰУ Негізгі (бас) ЖОО-сының байланыс мәліметтері
ШЫҰ Университетінің Моделі
ШЫҰ Университетінде оқу үлгісі
ШЫҰ Университетін басқару жүйесі
ШЫҰ Университетінің жұмыс істеудің қаржылық негіздері
ШЫҰ Университетін құрудың негізгі кезеңдері
ШЫҰУ БАС (НЕГІЗГІ) ЖОО-ЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
ҚарМТУ ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯ МЕН ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ
ЭНЕРГЕТИКА КАФЕДРАСЫ
Университет ШЫҰ мүше-мемлекеттердегі университеттер жүйесі, сонымен қатар (Монголия, Үндістан, Иран, Пәкістан) бақылаушы-мемлекеттерде жұмыс істеу керек. ШЫҰ Университет шеңберінде жоғары білікті кадрларды даярлау Ұйымның мемлекет-қатысушылардың мәдени, ғылыми-ағарту және экономикалық қызметтестіктің басым салаларында орындалу керек (энергетика, экология, машина жасау, металлургия, материалтану, құрылыс, көлік, ТЭК, тарих, лингвистика, IT-технологиялар).
ШЫҰ Университет құрудың мақсаттары ШЫҰ шеңберінде ШЫҰ мемлекет-мүшелерімен қабылданған көп жақты нормативті-құқықтық актілермен анықалып және:
- ШЫҰ мемлекет-қатысушылар арасында жылы көршілес қарым-қатынас пен өзара сенім нығайту;
- ғылым және технологиялар саласында интеграциялық үдерістердің дамуы;
- көп жақты білімдік, ғылыми және мәдени қызметтестіктің кеңеюіне жаңа импульс беру;
- жастарға сапалы қазіргі заманғы білім беру мүмкіндіктерін кеңейтіп, ал оқытушылар мен ғалымдарға– ғылыми байланысты дамыту;
- Ұйымның қатысушы – мемлекеттердің саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салаларында тиімді қызметтестікті қолдау.
Қазіргі кезде толық форматты ШЫҰ Университет құру келесі факторлар бойынша ұсынылады:
- ШЫҰ мемлекеттер-мүшелермен бірлескен дипломдарды өзара тану үшін нормативтік базаның болмауы;
- ШЫҰ мемлекет-қатысушылардың білім стандарттарының бірен-сарандаған сәйкес келмеуі;
- мультимедия және телекоммуникациялық технологиялар, қазіргі электроннық оқыту орталарын толық пайдалануға қиындыққа ұшырататын жоғары өткізу қабілеті бар интернет-желілердің болмауы;
- ШЫҰ-дағы шешім қабылдау нормаларына байланысты бірлескен қаржыландырудың форма мен механизмдерін келісудің қиындығы.
Осыған байланысты ШЫҰ Университетін құру бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар келесі негізгі және қосымша міндеттерін шешуге бағытталу керек:
Негізгі тапсырмалар:
- оқушылар, студенттер, аспиранттар, доктранттар және ғылыми-педагогикалық жұмыскерлер алмасуын кеңейту;
- ғылыми-академиялық қызметтестікті үлкейту;
- қазіргі білімдік әдістемелер мен технологияларды енгізу;
- Әлемдік білім бірлестігі мен ШЫҰ мемлекет-мүшелерімен ШЫҰ Университет білімі жөнінде құжаттар баламалылығын және тану механизмдерін құру.
Қосымша тапсырмалар:
- ШЫҰ қызметтестік нақтылы салаларында кепілдеме шығару және экспертиза өткізу;
- ШЫҰ құрылымдары мен онымен қызметтестік жасайтын ұйымдарға кадрларды даярлау;
- Тілдік (орыс және қытай тілдері) және мемлекеттану курстар жүйесін құру.
Мемлекет – қатысушылардың ШЫҰ университеті жұмыс істеу мен құру саласында қызметтестік мемлекеттің білім мекемелерінде жетекші ағарту мекемелерін тарту деңгейінде жүріп жатыр.