Биыл біздің елімізде айтулы күн – Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы атап өтіледі.
26 мамыр күні Zoom платформасында ҚарМТУ-да Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «ҚР Конституциясы – қазақстандық қоғам мен мемлекет тұрақтылығының құқықтық негізі» атты студенттік жоғары оқу орны ішіндегі ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция жұмысына ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры С.Б. Байбосынов, ҚХА және ӘГП кафедрасының меңгерушісі Д.Г. Шорманбаева, кафедра оқытушылары, студенттер (56 адам) қатысты. Конференция модераторы аға оқытушы М.А. Сейдинова болды.
Конференцияның негізгі бөлігіне қатысушылардың сөйлеген сөздері елдің Негізгі Заңының нормаларынан туындайтын жеке құқықтарды қорғаудың әр алуан аспектілерін, сондай-ақ қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғыртудағы Конституцияның рөлін көрсетті. Қоғамның басты саяси және құқықтық құжатының ұлттық заңнаманың негізі ретінде маңыздылығы атап өтілді. Тәуелсіздік жылдарында ҚР Конституциясы өзінің тиімділігін, демократиялығын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғанын бірнеше рет дәлелдеді. Конституциялық нормалардың орасан зор әлеуеті біздің қоғамымыздың бүгінгі жетістіктері мен табыстарының негізі болды.
С.Б. Байбосынов өз сөзінде конференция қатысушылары мен ұйымдастырушыларына қоғамның конституциялық мәдениеті деңгейін арттыруға байланысты көптеген мәселелерді талқылау мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. Еліміздің Негізгі Заңының арқасында осы жылдары қабылданған барлық заңнамалық актілер Қазақстанға үлкен биіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Мұндай конференция талқылау, Конституцияның болашақ мүмкіндіктері туралы пікір алмасу үшін пайдалы.
Әсіресе, әр-түрлі тақырыптармен ерекшеленетін көптеген баяндамалар ұсынған студенттердің белсенді қатысуы құнды болып табылады. Олардың барлығы еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі Конституцияның ерекше рөлін атап өтті.
Конференция соңында ұйымдастыру комитеті студенттердің жоғары белсенділігі мен осы конференцияға деген қызығушылығын атап өтті, олардың үздік баяндамалары қатысушы дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.