«Цифрлі жаз – 2019» Жас IT-мамандарға арналған тағылымдама бағдарламасы


“Самұрық-Қазына” АҚ ЖОО-нан талантты 3-4 курс бакалавриат студенттері арасында жазғы тағылымдама форматындағы “Цифрлі жаз-2019″ байқауы жайында хабарлайды. Біз IT бағытында жаңа мамандарды іздейміз.
“Самұрық-Қазына” АҚ – ның “Цифрлі жаз” жазғы тағылымдама бағдарламасы – бұл сенің ұлттық компанияларда бірегей тәжірибе алу мүмкіндігің ғана емес, сондай-ақ өзіңді көрсету және жұмысқа қабылдану мүмкіндігі. Тағылымдама кезінде сен SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei секілді компаниялардың оқыту тренингтеріне қатысасың. Бізде тіпті Хакатон да болады! Көп ойланба – жаса! Болашақты бірге құрайық!

Біз сенің болашағың үшін жағдай жасаймыз:

– “Самұрық-Қазына” АҚ компаниялар тобынан цифрландыру жобалары бойынша шынайы міндеттер;
– Компания қызметкерлері қатарынан тағайындалатын  тәлімгер;
– Ай сайын төленетін шәкіртақы;
– Тағылымдама бағдарламасын сәтті өткен жағдайда, жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

 Өтініштерді қабылдаудың соңғы күні – 29 наурыз 2019 жыл.

Толығырақ ақпарат алу үшін бағдарлама сайтына өтіңіз: http://digital-summer.sk.kz
Email: support@hrqyzmet.kz
Телефон: +77172799599

 

 

 

Без рубрики