«Әз Наурыз» атты университет ішілік ұлттық дәстүр мен спорттық ойындар сайысы


2019 жылдың Наурыз айының 19 күні Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында ҚарМТУ-дың «Политехник» кафесінде дәстүрлі университет ішілік «Әз Наурыз» атты  ұлттық дәстүр мен спорттық ойындардан сайыс өтті. Аталған сайысқа 7 факультет, ИТК және 3 жатақхана студенттері қатысты. «Серпіндестер Ордасы» жатақханасы татар ұлтын таныстырса, №1 жатақхана студенттері түрік ұлтының салт-дәстүрін көрсету арқылы, дәмді тағамдарымен, әсем әуен мен бишілердің мың бұралған биімен әділқазылар алқасының және көрермендердің көңілінен шыға білді. Сайыс нәтижелері бойынша жатақханалар арасында «Серпіндестер Ордасы» жатақханасы жүлделі 2-орынды иеленсе, 3-орын №1 жатақхананың студенттеріне бұйырды.

 

Без рубрики