Конференцияға шақырамыз


Маусым айының 20-21 күндері Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ЖОО-ның 60-жылдығына арналған «Ғылым және білім – «Қазақстан — 2050» Стратегиясының жетекші факторлары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Тіркеу сағат –  900 -де Бас ғимаратында басталады.

Конференция шеңберінде іс-шаралар кешені қарасытрылған:

  • А.С. Сағынов академиктің ескерткішіне үл салу рәсімі;
  • ҚР Білім және Ғылым Министрі, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, Қарағанды облысының әкімі, трансұлттық корпорациялардың, халықаралық және қазақстандық ғылымның өкілдерінің қатысуымен пленарлық кездесу;
  • әлемнің 24 мемлекетінің жетекші ғылыми орталықтары мен университеттердің 150 ғалым және мамандардың қатысуымен ЭКСПО-2017 және «жасыл» экономиканың 14 инновациялық бағыттары бойынша дөңгелек үстелдер мен панельді секциялар;
  •  «Синергия» халықаралық жоба шеңберінде Ресей және Украинаның техникалық жоғары оқу орындарымен видеосеминар;
  • Техникалық және кәсіби оқытудың Аймақаралық орталығының, дуальды оқытудың оқыту-ғылыми-өндірістік ұйымдардың, жұмыс мамандықтарының орталықтарының, кіші өндіріс, инжиниринг орталықтарының, ерекше зертхана кешендерінің презентациялары;
  • халықаралық IT-компаниялардың елшіліктері мен жаңа аудиториялардың ашылуы;
  • ғалым, докторанттар, магистранттар және студенттердің инновациялық жобаларының, жаңа кезеңнің оқулықтары мен монографиялардың, сәулет және дизайнерлік жобалардың көрмесі;
  • кәсіпорындардағы кафедралардың бөлімшелеріне шығу;
  • бітірушілер клубының отырыстары;
  •  «Халықаралық пісіруші инженер» бағдарламасы бойынша модульдерді игеру және жұмыс мамандарын беру туралы сертификаттарды ұсыну рәсімі;
  • ПОҚ және студенттердің шығармашылық ұжымының концерті мен тағы басқа.


 «Дөңгелек үстелдердің» бағдарламасы келесі тақырыптарға өзекті мәселелерді талқылауды қамтиды:

  1. «Метан қауіпсіздігінің мәселелері» (модератор – Дрижд Н.А., ҚарМТУ профессоры)
  2. «Қуат үнемдеудің жаңа технологиялары мен қуаттың қайта жаңаратын көздері» (модератор – Брейдо И.В., ҚарМТУ профессоры)
  3. «XXI ғасырдағы ғалами мәселелердің шеңберінде ҚР-дағы жоғары білімнің мәселелері» (модератор – Бурханов К.Н., ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты)
  4. «Қазіргі кәсіби білім: даму жолдары» (модератор – Шкляр А.Х., Республикасының кәсіби білімнің республикалық институтының ректоры)
  5. «Жастарды Қазақстанға патриотизм сезімін тәрбиелеу: мәселелері мен болашағы» (модератор – Ферхо С.И., ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты)
  6. «Қазақстан металлургиялық кешенді дамыту» (модератор – Дедуренко А.И., ЖШС «Караганданеруд» Президенті)
  7. «Қазақстан минералды шикізатының қорлары» (модератор – Мустафин Р.К., ЖШС «Азимут Геология» директоры)
  8. «Қарағанды облысының экологиялық жағдайы мен табиғатты пайдалану мәселелері» (модератор – Жолдасов З.С., Қарағанды облысы бойынша Экология Департаментінің жетекшісі)
  9. «Геодезия, маркшейдерия және геомеханиканың инновациялық технологиялары» (модератор – Низаметдинов Ф.К., ҚР Маркешейдерлер бірлестігінің президенті)
  10. «Қазақстандағы құрылыс және ТҮКШ-тің инновациялық дамуы» (модератор – Нугужинов Ж.С., ОҒӨБ бас директоры «Құрылыс және ТҮКШ жаңғырту»)
  11. «Қазіргі биотехнология: қазіргі жаңа биоперпараттарды іздеу және дайындау (модератор – Алмагамбетов К.Х., Республикалық микроағзалар жиынтығының бас директоры)
  12. «Машина жасау дамуының мәселелері мен болашағы» (модератор – Кенжин Б.М., Қарағанды облысының машина жасаушылардың Бірлестік төрағасы)
  13. «Көлік дамуының мәселелері мен болашағы» (модератор – Малыбаев С.К., ҚарМТУ профессоры)
  14. «Инновациялық экономика –XXI ғасырдағы Қазақстан дамуының стратегиялық бағыты» (модератор – Ахметжанов Б.А., ҚарМТУ профессоры)

 

Конференциялар бойынша толық ақпаратты келесі мекен-жайы бойынша алуға болады:

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56

Мухамедъяров Дукат Закирович, Ғылым Департаментінің директоры + 7 7212 56 51 87, + 7 701 550 16 26

 

Без рубрики