Колледж тарихы


Қысқаша колледж тарихы.

ҚарМТУ-де үздіксіз білім беру үрдісіне үлкен назар аударылады, Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастың үдемелі жағдайы дамуда. Екінші жоғары білім алушыларға және колледж бітірушілеріне 1996 жылы қысқартылған мерзімде оқыту факультеті құрылды. Бітіруші түлектер өз мамандықтары бойынша білімдерін қысқартылған мерзімде жалғастыру үшін, университет Ректоратында ҚарМТУ жанындағы колледж құру ойы туды. Бұл білім беру жүйесін реформалауға байланысты жаңа ой болды: «Мектеп-колледж-ЖОО» Сол кезеңде ҚарМТУ-ң бірінші проректоры М.Р.Нургужин және оқу-әдістемелік бөлім бастығы Г.И.Вальштейн үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді және Білім беру Министрлігі мен Ғылыми кеңес келісімін алғаннан кейін, университет құрылымында колледж пайда болды, ҚарМТУ жарғысына өзгерістер енгізілді. 1997 жылы 5 тамызда ҚарМТУ жанында Ақпараттық технология және есеп техникасы колледжі ашылды, ҚарМТУ құрылымының бір бөлігі болып есептелді. Колледждегі ең алғашқы мамандықтар: «Байланыс желісі мен коммутация жүйесі», «Басқару мен мәліметтерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесі», «Радиоэлектронды техниканы жөндеу және қызмет көрсету техникасы» – аталмыш мамандықтар кәсіби орта білім беру саласында әлі күнге дейін қажетті мамандық болып есептеледі. Колледжда сабақтар жүргізу үшін ААҚ «Қазақтелеком» мамандары мен ҚарМТУ-ң үлкен тәжірибелі мұғалімдері шақырылды. Колледж директоры болып Новосибирск электротехникалық байланыс институтының түлегі т.ғ.д., профессор Л.И.Когай (1997-1999 ж.ж.) тағайындалды. Л.И. Когай басшылығы кезінде нормативтік-құқықтық құжаттар: білім беру қызметіне лицензия алынды, оқу жұмыс жоспарлары өңделді, пән бойынша жұмыс бағадарламалары құрылды, сандық қондырғыларды оқытуға және тұрмыстық электронды техникаларды жөңдеуге байланысты интегралды схемаларды оқытудың оқу тәжірибелік кешені құрылды, оқушылар іс-тәжірибені ААҚ «Қазақтелеком» мекемесінде өтті және тығыз қарым-қатынас орнатылды. 1998 жылы Электромеханикалық факультет негізінде ҚарМТУ жанындығы Электромеханикалық колледж ашылды, 3 мамандық бойынша мамандар дайындалды: «Электржабдықтау», «Технологиялық процесстер мен өңдірісті автоматтандыру», «Темір жол автоматикасы мен электр жабдықтау транспортын пайдалану».1994 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін тау-кен машиналары мен кешендер кафедрасын басқарушы т.ғ.д., профессор Ю.И.Климов (1998-1999 ж.ж.) колледж директоры болды. 1999 жылы инженер-құрылыс факультеті негізінде ҚарМТУ жанындығы Құрылыс бизнес колледжі ашылды, архитекторлық-құрылыс пәндері бойынша ақылы білім беру лицензиясына сәйкес келесі мамандықтар оқытылды: «Дизайн», «Менеджмент (құрылыс салалары бойынша)», «Механикалық, автоматикалық жабдықтарын жөңдеу және техникалық қызмет көрсету», «Ішкі сантехникалық құрылғы мен желдеткішті пайдалану және монтаждау», «Бақша-саябақ және ландшафт құрылысы». Колледждегі ұстаздар құрамында Қазақстан Республикасының суретшілері, дизайн, сәулет одағының мүшелері, профессорлар мен доценттер болды. 1965 жылы Ленинград инженер-құрылыс институтын бітіріп ҚарПТИ қызмет еткен т.ғ.д., профессор Бакенов Б.Б. (1999ж.) ҚарМТУ жанындығы Құрылыс бизнес колледжінің директоры болып тағайындалды. 1978 жылдан бастап «Өңдіріс құрылысының технологиясы» кафедрасында меңгеруші қызметін атқарған. Колледж образован приказом ректора №396 от 12.10.1999 года, в целях дальнейшего совершенствования подготовки специалистов среднего профессионального образования и упорядочения работы колледжей университета путем объединения Колледжа информационных технологий и вычислительной техники, Электромеханического колледжа и Колледжа строительного бизнеса1999 жылдың аяғына қарай орта кәсіби мамандарды даярлау және ҚарМТУ жанындығы Информациялық технология және бизнес колледжінің жұмысын ретке келтіру мақсатында 1999 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Бауман атындағы МВТУ бітірген мемлекеттік тілдер проректоры т.ғ.к., А.Ф. Фазылов. ҚарМТУ жанындағы Колледжді құру орта кәсіби білімді мамандарды дайындау сапасы артты. Оқушыларды дайындаудағы сапалы деңгейімен қамтамасыз ету ең басты міндет болды, оқу-тәрбиелік үрдісі ұйымдастырылып ретке келтірілді, ҚарМТУ-гі материалдық-техникалық базасы оқу барысында қолданылды. Колледж университет құрылымында «берік» белсенді орын ала бастады. Колледж оқушылары университет көлемінде өтетін олимпиадаларға, қоғамдық және мәдени іс-шараларға белсене қатысып, жүлделі орын алды. Қазақ политехникалық институтын тамандаған «Электржабдықтау және электротехника» кафедрасының т.ғ.к. доценті Ж.Ж.Иманов 2001-2008 жылдар аралығында колледжда директор қызметін атқарды. 2008 жылдың 4 мамырдан бастап колледж директоры болып Қарағанды политехникалық институт түлегі (1994ж.) т.ғ.к. доцент Иманов Марат Өмірбекұлы тағайындалды. 2008 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Технологиялық колледж директор қызметін атқарушы Қойлыбаева Сауле Айтбекқызы. Колледж ашылғалы 2000 нан астам орта техникалық білімді мамандар даярлап шығарылды.

Без рубрики