2017 жылдың 20 сәуірі күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Кітап – мәдениет пен руханияттың алтын көпірі» атты Кітап фестивалі өтті. Оған Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінен Конфуций Институтының оқытушылары қатысып қайтты.
20-23 сәуір күндері арасында өтетін Кітап фестивалінің ашылу салтанатына Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, БАҚ, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің өкілдері, «Дебют» сән театры, сондай-ақ кітапхананың тұрақты оқырмандары, мектеп және колледж оқушылары қатысты.