2024 жылдың қыркүйегінде «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасында (https://www.kstu.kz/nauchno-tehnicheskij-tsentr…/) «STU-ENGINEERING» ғылыми-техникалық орталығында «Жүк теміржол вагондарының 18-9996 моделі триангелінің арқалығына (швеллер) сараптамалық қорытындының нормативтік құжаттарға сәйкестігіне ғылыми-техникалық сараптама» тақырыбында Әбілқас Сағынов атындағы техникалық университет және «СКЭП» ЖШС арасындағы шарт бойынша іске асырылған шаруашылық келісімшарттық жұмысты орындауды аяқтады.
Орындалған жұмыстар барысында физика-химиялық және металлографиялық зерттеулер сәтті жүргізілді (Инженерлік бейіндегі сынақ зертханасының қызметкерлерімен бірлесіп), сараптамалық қорытынды бере отырып, ғылыми-техникалық сараптама орындалды.
Алынған нәтижелер «STU-ENGINEERING» ҒТО қызметкерлерінің сараптамалық-инжинирингтік қызметтер саласындағы жоғары біліктілігін растады.