Құрметті, Газалиев мырза!
Мен Сізге 28 қазаннан бастап, Ханбань Бас директоры және Конфуций институты штабының төрағасы қызметінен зейнеткерлікке шыққанымды хабарлаймын. Қытай үкіметінің қағидаларына қарай зейнеткерлік жасым – 60 жас, дегенмен, мен осы қызметте 2 жылдай уақыт артық жұмыс жасаппын. Алайда мен қазір мемлекеттік кеңестің кеңесшісі ретінде, сондай-ақ қытай халық-саяси кеңестік конференциясының мүшесі ретінде қызметімді жалғастырудамын.
Мен Ханбань Бас директоры қызметінде12 жыл қатарынан еңбек етіппін. Осылайша, қытай жұлдызнамасына орай ең ұзақ уақыт циклі деп аталатын мерзімді аяқтаппын. Соңғы 12 жыл ішінде мен әлемдегі барлық елдердегі университеттердің, соның ішінде сіздің тарапыңыздан үлкен қолдау көрдім. Сіздің әріптестік қөмегіңіз болмаса, Конфуций институты дәл осылайша жетістікпен қызмет атқармаған болар еді. Осыған орай, Сізге шынайы алғысымды білдіремін. Сіздің Конфуций институтына әрі қарай қолдау көрсетіп, Ханбаньмен жақсы әріптестік қарым-қатынасыңызды үзбейтіндігіңізден үмітім зор.
Ізгі тілекпен, Key Линь,
Қытай мемлекеттік кеңесінің кеңесшісі,
КХСКК ұлттық комитетінің мүшесі