Карсакова Нургуль Жолаевнаның докторлық диссертациясын қорғау туралы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Карсакова Нургуль Жолаевнаның 8D071 – «Инженерия және инженерлік іс» бағыты, 8D07101 – «Машина жасау» мамандығы бойынша «Ірі габаритті тетіктерді даярлау дәлдігін және сапасын арттыру» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Қорғау тілі: қазақ тілі.

Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасында орындалған.

Ресми рецензенттер:

  1. Комбаев Куат Корганович — техника ғылымдарының кандидаты, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Халықаралық инженерия мектебінің қауымдастырылған профессоры, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ.;
  2. Жумекенова Зауре Жетписбаевна — PhD, «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан университеті» КеАҚ, «Көлік және машина жасау» кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасы, Петропавл қ.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Шеров Карибек Тагаевич – техника ғылымдарының докторы, «С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасы, Астана қ.;
  2. Насад Татьяна Геннадиевна – техника ғылымдарының докторы, Гагарин Ю.А. атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті, «Машина жасау технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, Ресей Федерациясы, Саратов қ.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Мусина Жанара Керейовна – техника ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров университеті» КеАҚ, «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ.;
  2. Бембенек Михал – техника ғылымдарының докторы, Ғылыми-техникалық университеті, Механикалық инженерия және AGH робототехника факультеті, «Өндірістік жүйелер» кафедрасының профессоры, Польша, Краков қ.;
  3. Байгереев Самат Ракимгалиевич — PhD, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Машина жасау мектебі деканының орынбасары, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ.;
  4. Қасенов Асылбек Жумабекович — техника ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров университеті» КеАҚ, «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ.;
  5. Ибрагимова Зауре Асилбековна — PhD, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Механика және машина жасау» кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.

Қорғау өтеді: 2024 жылғы 2 шілде сағат 13.00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-да 8D07101 «Машина жасау», 8D07102 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар», 6D071200 «Машина жасау» және 6D071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесте, мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 56, бірінші корпус, 236 дәрісхана. Қорғау онлайн режимде Zoom платформасында (ID 938 054 8821, рұқсат коды 1953) өтеді.

Веб-сайттың мекенжайы: www.kstu.kz,  Е-mail: karsakova-87@mail.ru

Диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша бейресми пікірлерді одан әрі қорғауға ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Сулеев Бахтияр Данияровичтың электрондық поштасына culeev_bahtiyar@mail.ru жіберу қажет.

Без рубрики