2019 жылдың 02 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «Таста да, қола да, жүрек жадында» атты іс – шара өтті


Іс-шара Орыс тілі және сөйлеу мәдениеті кафедрасының меңгерушісі Б. Р. Оспанованың жетекшілігімен, РЯиК кафедрасының оқытушылары Тунгушбаева Б. К., Иванова С. В., Тлеумбетова Д. Б., Тусупбеков А. С., Кишенова А. Ю. ұйымдастыруымен мемлекеттік тілде білім беретін 1-курс студенттерінің күшімен өткізілді.

Іс-шараға мемлекеттік тілде оқитын 1-курс студенттері, кафедра оқытушылары, университеттің патриоттық тәрбие ҒЗИ директоры Кударинова Гүлжан Социалқызы шақырылды.

Іс – шара екі тілде-қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ ішінара ағылшын тілінде өткізілді. Барлық іс-шара Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қазақстандық батырлар туралы слайд арқылы көрсетілді, Қазақстанның ҰОС-дағы Жеңіске қосқан үлесі туралы шағын деректі фильмдер көрсетілді, соғыс туралы қызықты деректер келтірілді. Студенттер соғыс туралы көптеген өлеңдер оқып, соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, тақырыптық би билеп, домбырада күй шырқады. Іс-шараға жиналғандар соғыс жылдарында, фашистік концлагерь тұтқындарында қаза тапқан, сондай-ақ бейбіт уақытта өмірден кеткен ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Іс-шараға келесі факультеттердің студенттері қатысты: АТФ, СҚФ, ТКФ, ЖКФ.

Студенттер саны: 70 адам.

Байқаудың мақсаттары:

— жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру және нығайту;

— өз елінің және өз халқының тарихына құрметпен және ұқыпты қарауға тәрбиелеу;

— азаматтық белсенділікті тәрбиелеу және нығайту;

— студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау.

Студенттер ҰОС тарихы туралы өз білімдерін, сондай-ақ өз елінің және өз халқының тарихына қызығушылық танытты. Сонымен қатар, іс-шараның барлық қатысушылары өздерінің шығармашылық қабілеттерін, поэзияны жақсы білетіндіктерін, тіпті жеке ақындық дарынын көрсете білді. Іс-шараға шақырылған студенттер өздерінің назарына ұсынылған бейнематериалдарды үлкен қызығушылықпен тыңдап, тамашалады. Шара соңында қатысушылар мен шақырылған қонақтар А. Пахмутованың «Жеңіс Күні» атты соңғы әнін орындады.

Кафедраның ТЖ бойынша жауапты аға оқытушы Тунгушбаева Б. К.

Бұл іс-шара туралы облыстық «Индустриальная Караганда» газетінде 2019 жылдың 18 мамырында «Подвиг не забыт» атты мақала жарияланды.

http://inkaraganda.kz/articles/153883

 

Без рубрики