Қазақстан Корей адамдарының Қауымдастығының, Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігі және «КАХАК» Корей ғылыми-техникалық қоғамының конкурсы
«Қазақстан корей адамдарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасында Корея Республикасының Елшілігі мен «КАХАК» Корей ғылыми-техникалық ұйымының (одан әрі- Конкурс) оқуақы белгілеу конкурсы республикалық және жылдық болып табылады.
Конкурсқа корей ұлтты немесе ата-анасының біреуі корей ұлтты Қазақстан Республикасының азаматтары – жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу институттарының күндізгі оқудың 3 (үш) сессия үздік оқуының студенттер, магистранттар мен аспиранттар қатыса алады.
Конкурста өткен жылдардағы Конкурс жеңімпаздары қатыса алмайды.
Конкурсқа 3-тен кем болмайтындай емтихан сессияларын және екінші оқу жылының аспиранттары қатысуға рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
— Конкурсқа қатысу өтініші;
— Өтініш берушінің автобиографиясы;
— Жеке бас куәлігінің көшірмесі;
— ЖОО деканатында расталған барлық оқу жылдарын қамтитын сынақ кітапшасы;
— Оқу орны бойынша расталған ғылыми еңбектерінің тізімі (аспиранттар үшін);
— Ғылыми жетекшінің пікірі; (аспиранттар үшін);
— Ата-ананың жеке бас куәліктерінің көшірмесі;
— Отбасы құрамы жөнінде анықтама (үй кітабының көшірмесі);
— Отбасы табысының анықтамасы;
— Мадақнама, диплом және тағы басқа мадақтайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса).
Конкурстық Комиссияға ұсынған барлық құжаттар қайтарылмайды.
Баға критерийлері
Өтініш берушінің ЖОО-да оқу жылына қарамастан барлық оқу жылдары бойынша үлгеріммен қоса үш ақырғы сессиялардың нәтижелері бағаланады (орташа балл 4,75-тен кем емес ).
Оқуақы белгілеудің басты критерийлері:
Студенттер үшін:
3 (үш) ақырғы сессиялардың «үздік» оқуы;
Жаратылыс-техникалық мамандықтар бойынша оқуақы үміткерлеріне тек 10% «жақсы» деген баға рұқсат етіледі;
Оқуақы белгілеуде қосымша критерийлер:
-диплом, мадақнама және басқа мадақьайьын құжаттардың болуы;
-ерекше материалдық жағдай;
-қоғамдық қызметке қатысуы.