2023 жылдың 1 желтоқсанында кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу мақсатында БЖТ кафедрасының аға оқытушылары Сакенова С.Ж. және Алдошина О.В. №1 гимназияға барды.
Кездесуге 25 адам көлеміндегі 11-сынып түлектері шақырылды. Кездесу барысында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың білім беру бағдарламалары, әскери кафедра және шәкіртақылар туралы ақпарат айтылып, грантқа түсу баллдары көрсетілді, 19 желтоқсанда өтетін ашық есік күні мен ҰБТ-ға қосымша дайындық курстары туралы ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша белсенді түрде сұрақтар қойды.
Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-ға түсуге ниет білдірушілермен жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша университетіміздің болашақ студенттеріне одан әрі қолдау көрсету және кеңес беру үшін әлеуетті талапкерлердің мәліметтер базасына тіркелу жұмыстары жүргізілді.