Кафедра тарихы


2008 жылдың қыркүйегінде ҚарМТУ ректоры мен Ғылыми Кеңес шешімімен Информатика кафедрасы ашылды. Бірінші кафедра меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент Б.К. Сұлтанова тағайындалды. Б.К. Сұлтанованың Ақпараттық технология факультетінің деканы қызметіне тағайындалуына байланысты 2009 жылдың сәуірінен кафедра меңгерушісі міндетін атқаруға т.ғ.к., доцент О.А.Кан тағайындалды.
Кафедра – “Информатика” пәнінің жүктемесін ықшамдау және жақсарту ,оқу процесінің сапасын жетілдіру,білім беру қызметін кеңейту үшін ұйымдастырылған.
Кафедраның негізгі міндеті— компьютер және ақпараттық технологиялардың аумағында iргелi бiлiмiнiң мықты негiздерiн студенттерге беру.
Кафедра құрамында:15 штаттық оқытушылар, оның 2 доцент, 8 аға оқытушы және 3 оқытушы бар.


Кафедраның профессорлық оқытушы құрамы- Информатика пәні бойынша барлық мамандықтар үшін, қазақ және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік кешендерді құрастырып және бекітті. КарМТУ-дің порталында ЭУР интернет версиясын орналыстырды және электрондық оқулықтар шығарды. КарМТУ-дің үнемi жұмыс iстейтiн инновациялық көрмесiнде: Информатика кафедрасы – электрондық үйретушi бағдарлама курсын- “Микроэлектроника” -авторы Кан О., “С++” электрондық оқулық – авторлары Баржаксынова А., Кудышева Г. ұсынды. Кафедрада – қазіргі заманғы білім беру жүйесін қалыптастыру және білікті кадрларды дайындау бағдарламаларын белсенді жүзеге асырады. “Болашақ” бағдарламасы негізінде шетелде оқығысы келген студенттерге аса зор көңіл бөлінеді.

Кан О., Сулейменова Л.,Кудышева Г.сияқты кафедра оқытушылары абитуриенттердің ҚарМТУ-ге түсуіне белсенді ықпал ету мақсатында, студенттер мен оқушылар арасында бағдарламалаудан аймақтық және қашықтан оқыту халықаралық олимпиадаларын өткізуге белсенді қатысады.
Кафедра оқытушылары – ҚарМТУ оқытушылары мен қызметкерлері үшін, оқытушылар шеберлігін жетілдіру институты шеңберінде, компьютерлік курстарда сабақ өткізеді.
Кафедра оқытушылары – республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмыстарына белсенді түрде қатысады.

Информатика ғылымы

Информатика – ақпараттың өзгешелігі мен құрылымын, сондай-ақ адам қызметінің әр қилы салаларында оны алумен, сақтаумен, іздеумен, берумен, қайта өңдеумен, қайта өзгертумен, таратумен және пайдаланумен байланысты мәселерді зерделейтін ғылым саласы. “Ақпарат” терминін бірінші рет 1957 жылы Германияда Карл Штейнбух енгізген. 1962 жылы бұл терминді Ф. Дрейфус француз тіліне енгізді, сонымен қатар басқада европалық тілдер қатарына енгізуді ұсынды Ресейде 1968 жылы “Ақпарат” терминін А. И. Михайлов, А. И. Черный и Р. С. Гиляревскийлер енгізді.
Информатика – iргелi ғылым ретінде, компъютерлік ақпараттық жүйелер базасында, кез келген нысандарды басқару процесстерiн ақпараттық қамтамасыз етудi жасаудың әдiстемелiгiн өңдеуiмен шұғылданады. Информатика аумағында мына негізгі ғылыми бағыттарды ерекшелеуге болады:

  • желілік құрылымын өңдеу
  • компьютерлік- интегралдық өндірістер
  • экономикалық және медициналық информатика,
  • әлеуметтік сақтандыру және қоршаған орта информатикасы
  • кәсіби ақпараттық жүйелер.

Информатика қолданбалы пән ретінде айналысады:

  • ақпараттық процестер заңдылықтарын зерттеу(қорландыру,өңдеу,тарату)
  • адам қызметінің әр қилы салаларында коммуникацияның ақпараттық үлгілерін құру;
  • ғылым мен өндірістің нақты аумағында ақпараттық жүйелер мен технологияларды өңдеу.

Информатика пәні бойынша сабақ барысында студенттер мына тақырыптарды оқиды :

  • логикалық алгебра және дискреттік математика;
  • операциялық жүйе және ЭЕМ архитектурасы ;
  • алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері ;
  • компьютерлік графика және интернет.
Без рубрики