«Физика» кафедрасы
Турдыбеков Дастан Мухтарович
Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультеті
Химия ғылымдарының кандидаты
Физика кафедрасының меңгерушісі
Дастан Мұхтарұлы Тұрдыбеков 1995 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Физика» мамандығы бойынша «Физика, информатика және ВТ» оқытушысы мамандығын бітірді.
2003 жылдан 2006 жылға дейін ҚР БҒМ Фитохимия институтының аспиранты болды. 2007 жылы 02.00.04 – Физикалық химия мамандығы бойынша Алкалоидтардың кейбір ациклді және полициклді туындыларының кеңістіктік құрылысы» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.
2014 жылдан бастап — байланыс жүйесінің технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, 2018 жылдан бастап ҚарМТУ физика кафедрасының аға оқытушысы болып ауыстырылды. 2020 жылдан бастап «ҚарТУ» КЕАҚ физика кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарады.
Тұрдыбеков Д.М. 58-ден астам баспа жұмыстарының, оның ішінде 44 мақала мен тезистердің авторы, 2 зияткерлік меншік куәлігін алды, Халықаралық және республикалық конференцияларда 14 баяндама жариялады.
Табиғи қосылыстардың молекулаларын зерттеуде, атап айтқанда, осы қосылыстардың кеңістіктік құрылымын анықтауда рентгендік құрылымдық талдау және кванттық химиялық есептеулер әдістерін қолдану саласындағы білікті маман.
Индекс Хирша — 6 (Scopus –6). Тұрдыбеков Д. М. зерттеген органикалық нысандар Кембридж құрылымдық деректер банкіне енгізілді.
Байланыс мәліметтері:
- Телефон: 8(7212) 565-932 (2027)
- Е – mail: turdas@mail.ru
- Қабылдау уақыты: Сәрсенбі 15.00-17.00
- Телефон: 8(7212) 56-59-32, қос 2027
- (ҚарТУ № 1 оқу корпусы, 400 ауд.)