Талерчик Марина Петровна
«Геология және геофизика» кафедрасының менгерушісі
Талерчик Марина Петровна 2002 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетті «Пайдалы қазбалар кен орындарын геофизикалық әдістермен іздеу және барлау» мамандығы бойынша оқып бітірді. 2003 жылы КарМТУдағы «Қолданбалы геология және барлау» мамандығы бойынша магистратураны оқып бітірді. 2003 жылдан бастап «Пайдалы қазбалар кенорындарын геофизикалық әдістермен іздеу және барлау» кафедрасында ассистент одан кейін оқытушы болып жұмыс істеді, 2007 жылы байкаудан өтіп кафедраның аға оқытушысы болып жұмыс істейді.
2010 жылы «Геофизикалық деректер негізінде минералды шикізаттың болжамдау ресурстарын есептеу әдістерін даярлау» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғап, диссертация 25.00.16-«Тау-кен өндірістік және мұнай-газкәсіпшілік геология, геофизика, маркшейдерлік іс және жер қойнауының геометриясы» мамандығы бойынша техникалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесіне іздену ушін үсынылған.
Талерчик Марина Петровна, тау-кен инженер-геофизигі квалификациясына ие болып, магистранттарға және бакалаврларға «Петрофизика», «Мұнай қабатының петрофизикасы», «Кәсіпшілік геофизикалық зерттеулердің нәтижелерін түсіндіру», «Қатты пайдалы қазбаларды геофизикалық сынамалау», «Кен және көмір ұңғымаларын геофизикалық зерттеулерің арнайы курсы», «Мұнайөгаз геофизикасының арнайы курсы» пәндер бойынша жоғарғы дәрежеде дәрістер оқиды, АКТ қолданумен тәжірибелік сабақтар оқытады, дипломдық және курстық жобалауды жетекшелейді.
М.П. Талерчик – халықаралық және республикалық конференциялар материалдарында және әр түрлі ғылыми журналдарда басылып шыққан 30 ғылыми жұмыстар авторы, екі инновациялық патентке ие.
Оқыту процессін жетістіру үшін электрондық оқулықтар дайындалды, оқытылатын пәндер бойынша оқыту-әдістемелік кешендер дайындалды.
Ғылыми-педагогикалық тәдірибе 10 жылдан астам, осы жылдар бойы ҚарМТУда жұмыс істеп келді. 2014 жылдың наурызынан бастап «Геология және геофизика» кафедрасының менгерушісі.