Кафедра меңгерушісінің түйіндемесі



8888

Жолдыбаева Гульнар Сабитовна

 1964 жылы 21 маусымда туылған, 1986 жылы Қарағанды политехникалық институтын 050506 – Тау-кен машиналары және кешендері мамандығы бойынша аяқтап, «тау-кен инженер-механигі» біліктілігі берілген. ҚарПТИ аяқтаған соң:

1986-1989 жж. – В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының (қазіргі ҚазҰТУ) Қаратау филиалында Тау-кен машиналары кафедрасының оқытушысы;

1989 – 1992 жж. – Қарағанды педагогикалық институтында Сызба геометриясы және инженерлік графика кафедрасында оқытушы;

1992 – 1993 жж. – Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Сызба геометриясы кафедрасында тәжірибе алмасушы-зерттеуші;

1992-1996 жж. – Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінде (ҚазҰТУ) аспирантура;

1998 ж. – ҚазҰТУ Диссертациялық Кеңесінде 050506 – Тау-кен машиналары мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденушілік қорғау;

1994 – 2005 жж. – оқытушы, аға оқытушы, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Көтеру-көліктік машиналар және гидравлика кафедрасының доценті;

2005 ж. 1 ақпанынан 2014 ж. 1 қазанына дейін. – ҚарМТУ Тау-кен машиналары және жабдықтар кафедрасының аға оқытушысы, доцент;

2014 ж. 2 қазанынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Тау-кен машиналары және жабдықтары кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты – ірі кесекті тау-кен жыныстарын тасымалдауға арналған таспа-пластинкалы конвейердің жүктеу телімінің кернеулі-деформацияланған күйін зерттеу.

Кафедрада өткізетін пәндері: Көліктік машиналар, Тасымалдау және сақтауға арналған жабдықтар, Компьютерлік графика (бакалавриат), Ғылыми зерттеулер әдістемесі (магистратура).

Ғылыми еңбектері

Без рубрики