Кәсіпорында дипломдық жұмыстарды қорғау


Диплом қорғау кезеңі -университеттегі барлық оқу уақыты ішіндегі ең қызықты және жауапты сәт.  Жақында «Шұбаркөл Премиум» АҚ-да «Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасы түлектерінің дипломдық жұмыстарын көшпелі қорғау өтті.

«Шұбаркөл Премиум» АҚ басшысы Ф.Э. Азизов студенттерге сәттілік тілеп, өзінің кәсіби қалыптасу тәжірибесімен бөлісті.

Диплом жұмыстарын қорғауға аттестаттау комиссиясымен бірге кәсіпорынның қаржы директоры, экономистері қатысты.

Қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыстардың көпшілігі кәсіпорынның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған еді.

Аттестаттау комиссиясы бітіру жұмыстарының қолданбалы сипатын және олардың практикалық маңыздылығын атап өтті. Қорғау барысында студенттер кәсіби қызметке дайындығын айқындайтын құзыреттер кешенін көрсетті.

Без рубрики