«Көркем» қыздар клубының жетімдер үйіндегі қайырылымдылық концерті


2016 жылдың 6 — наурыз күні 8 – Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай  «Көркем» қыздар клубының жетекшісі мен қатысушыларының ұйымдастыруымен «Құлыншақ» жетімдер үйінде қайырылымдылық концерті берілді. Аталмыш іс – шараның мақсаты — жастардың бойында қайырымдылық сезімін ұялатып, өскелең ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеп, тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға бір сәт болсын қуаныш, мейірілімділік сезімін ұялату болды. Концерт барысында студенттер бүлдіршіндерге гитарада ән тартып, «Қара жорға» биін биледі. Балаларға түрлі ойындар ойнатқызды. Студенттердің қаржылай көмегімен балаларға сыйлықтар табысталды.

Без рубрики