«Көмір шөгінділерінен метан өндіру. Мәселелер мен перспективалары» тақырыбында XI семинар 13 сәуір 2023 ж. И.М. Губкин атындағы Мұнай және газ РҰУ (ҒЗУ), Мәскеу


Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда ғылым күні 12 сәуірге келеді және ол Қазақстан ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орайластырылған.

13.04.2023 ж. И.М. Губкин атындағы Мұнай және газ РҰУ (ҒЗУ) базасында онлайн форматта  «Көмір шөгінділерінен метан өндіру. Мәселелер мен перспективалары» тақырыбында XI семинар өтті. Онда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ПҚКӨ кафедрасының жас ғалымдары: Рабатұлы М., Мусин Р.А., Замалиев Н.М. қатысты. «Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасының доцентінің м.а., PhD, Рабатұлы М. «Қарағанды бассейнінің көмір қабаттарының метандылығы» тақырыбында баяндама жасады.

Пайдалы қазбалардың кешенді кенорындары ретінде көмір қабаттарын игеруге байланысты мәселелерді талқылау семинары, келесі ғалымдар үшін жүздесу алаңына айналды: Высоцкий В.И. «ВНИИ Заребежгеология» ААҚ, Орлов Н.М. «Газпром недра» ЖШҚ, Агеев П.Г. «Георезонанс» ЖШҚ, Клишин В.И. «Фиц УУХ СО РҒА көмір институты», Лу Я. Яншань университеті (Қытай), Смирнова А.Д. Т.Ф. Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университеті, Фрибус И.В., ММУ. М.В. Ломоносова т.б.

Без рубрики